Жаңалықтар

Ахмет Ясауи университетінде 77 оқушы грант иеленді

  • Ахмет Ясауи университетінде 77 оқушы грант иеленді

    Ахмет Ясауи университетінде 77 оқушы грант иеленді

Бүгін, 14 сәуір күні Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиада қорытындысы жарияланды. Білім бәсекесіне қатысқан 77 оқушы университет грантын жеңіп алды.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының аясында өтіп отырған дәстүрлі Руспубликалық пән олимпиадасына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-сыныптың 6500-ге жуық оқушысы қатысқан болатын. Жасөспірімдер 11 пән бойынша білімдерін сарапқа салып, тек үздіктері жеңіске жетті. Оқушыларға тегін сапалы білім алуына мүмкіндік туғызып отырған олимпиаданың мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр.




Салтанатты марапаттау рәсімінде университет ректоры, профессор У.Әбдібеков және оқу орынның І вице-президенті М.Куталмыш жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі ХҚТУ білім гранты дипломы мен сертификатын табыстады. Өз білімдерімен оқ бойы озып шыққан 77 оқушы гарант иегері атанды. Жеңімпаздарға ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары ұпай жинау шартымен Ахмет Ясауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді.




«Бүгінгі бәсекеден университет грантына ілікпей қалған қатысушыларға да үлкен жеңілдіктер қарастырылып отыр. Егер сіз мемлекеттік грантты иелене алмасаңыз, ҰБТ-да жинаған 50 ұпаймен және бүгінгі берілген сертификатпен 25 тамызда сарапқа салынатын 700 Түркия грантына түсуге мүмкінктеріңіз бар»,-деген ректор У.Әбдібеков, барлық қатысушыларды үміт үзбеуге шақырды.




Грант жүлдегерлері білім додасының әділ нәтижесіне ризашылықтарын білдіріп, ерекше қуаныштарын жеткізді. Университеттің жетістіктері мен кампусының салтанатына қаныққан оқушылар оқу орынның студенті болуды өздеріне мақсат ететіндіктерін де жасырмады.

Айта кетейік, үш айға жалғасқан олимпиаданың І іріктеу кезеңі – online түрде 2018 жылдың 1-4 наурыз күндері өткізіліп, жалпы 6500-ге жуық оқушы қатысқан болатын. Ал, университет базасында өтіп отырған ІІ кезеңге 454 оқушы қатысып 77 жасөспірім жеңімпаз атанды.


А.Сәдібеков,

Университет ақпарат орталығы басшысы
.

 




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сенбі, 14.04.2018, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30