Жаңалықтар

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары жаңа археологиялық жаңалық ашты

  • Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары жаңа археологиялық жаңалық ашты

    Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары жаңа археологиялық жаңалық ашты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жұмыстары республика деңгейінде жүйелі түрде жүргізілуде.

Осы ретте тарих ғылымының рухани жаңғыруға қосар үлесі орасан зор. Тарихы тың деректерді табу, бағдарламалық мақаладағы тапсырмалардың орындалу үдерісін жеделдетері анық. Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі географиясы» және «Туған жер» бағдарламалары төңірегінде Ахмет Ясауи университеті, Археология ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жұмыстар жүргізіп келеді.





2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ахмет Ясауи университеті, Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Мыңтөбе қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Мыңтөбе қорымы қазбалары» ғылыми жобасы Өкілетті Кеңес тарапынан қаржыландырылған іргелі шаруа. Тарихи ақиқатқа қол жеткізуге дерек болар тың қазбалар мен жәдігерлерді айқындаған сәт дәл осы зерттеуден бастау алды.





Мыңтөбе қорымының зерттелу тарихына келер болсақ, 1948-1952 жылдары А.Н.Бернштамның басшылығындағы Оңтүстік Қазақстан Археологиялық Эспедициясы қорымда алғашқы археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Археологтардың назарын аудара бастаған қорымда 1958 жылы А.Г.Максимова, 1982-1986 жылдары Н.П.Подушкин зерттеу жұмыстарын жүргізеді.




Жоғарыда аты аталған зерттеушілер қорымды жартылай жобаға түсіреді. Сонымен қатар, қорымдағы бірнеше обада қазба жұмыстарын жүргізіп нәтижеге қол жеткізе алмай, қорымның хронологиясын жобалап анықтап картаға түсіреді. Осылайша жылдар бойы жұмбақ болып келген Мыңтөбе қорымындағы обалардың сыры Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Археология ғылыми-зерттеу орталығының Қазақ-Түрік бірлескен археологиялық эспедициясының жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылды.

Жоба жетекшілері Қазақстан тарапынан PhD доктор Б.С.Сиздиков, Түркия тарапынан доктор профессор Сулейман Южел Шенюрт, жоба орындаушылары т.ғ.к., профессор К.М.Жетібаев, PhD доктор М.Гурсой, М.М.Бахтыбаев далалық және зертханалық зерттеулерде жаңа әдістерді қолдану арқылы зерттеулер жүргізді. Маусымдық далалық археологиялық зерттеу жұмыстардың барысында қорымның жобасы сызылып, обалардың нақты саны анықталды. Сонымен қатар, үш обада археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бірінші обада жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде еліміздің құнды тарихи мәдени ескерткіші болып табылатын архитектуралық құрылыс «сағана» ашылды.



Ашылған архитектуралық құрылысты келешекте ашық аспан астындағы музейге айналдыра отырып, ежелгі тарихымызды келешек ұрпаққа таныту мақсатында және туристік бағытта қолдануға болады. Екінші обада жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде, ежелгі тайпалардың ұзақта қаза тапқан туыстарына жасаған «кенотаф» - бос қабірдің орны анықталды (Сурет 2.). Үшінші обада жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ежелгі тайпалардың дромосты жерлеу орны ашылып, қыш-құмыралар, әшекей бұйымдар, жебе ұштар табылды. Табылған жәдігерлерді зерттей келе бұл обаның қаңлы мәдениетіне жататындығы анықталды (Сурет 3).

Тарихи ескерткіштер мен мәдени құндылықтарды қорғап, зерделеп, дәріптеудің маңызы зор. Өскелең ұрпақ осындай тың зерттеулер арқылы туған жер тарихын танып, көбірек біле түседі. Ұлттық рухани ескерткіш байлығының табылуы - тарих алдындағы парыздың орындалуы болып табылады. Тарихтан сыр шертетін мол мұра ұрпаққа өнеге етілді. Археологиялық қазбалар мәдени мұраның материалдық және рухани құндылықтарын зерттеу, қалпына келтіру және сақтаудың маңызды бөлігі болып есептеледі. Тарих ғылымы рухани жаңғыруға жаңаша серпін береді десек, рухани жаңғыру үдерісіне үлес қосқан археологтарымызды мақтанышпен айта аламыз. Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізген зерттеу тобы ұлттық ұлы мұраның дәнекері бола алды. Дала өркениетінің жауһары - тарихтың тағылымы тамаша мол қазына. Археологтарымыз осы бай мұраның тарихи сырын шертетін керемет жаңалық ашты.




Асқат Сәдібеков,

Университет баспасөз қызметінің жетекшісі.


 




Көрілген: 1147    Пікірлер: 6

сенбі, 23.12.2017, 00:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30