Әкелер сайысы жалғасын табуда...

Әкелер сайысы жалғасын табуда...

Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте жылдағы дәстүр бойынша әкелер сайысы өтті. «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» атты бұл сайыс Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

Сайысымыздың құрметті қонақтары: Алатау ауданы бойынша патриоттық тәрбиені ұйымдастырушы төраға ҚССР еңбек сіңірген мұғалім, Құрмет орденінің иегері педагогика ғылымының кандидаты Тараз университетінің профессоры Әшірбеков Сағынбек ақсақал, Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы Алмағамбетова Патшагүл Оңғарбайқызы.
3- сынып ата-аналарының арасында өткізілген бұл сайыста әкелер тартынып қалмады. Өз өнерлері мен қол өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынды. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, тұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін көріністер қойылып, сол кездегі майдангерлер ерлігін мақтаныш тұтып, әкелеріміз отбасымен бірлесіп жеткізе білді. Көрерменнің көз жанарында ұшқындар адам жанында болған серпілісті байқатты.
Әке жолы қашан да ұлына мақтаныш. Сондықтан, «Арыстаннан айбатты, әкем менің қайратты» атты кезеңде әкелер қол күрестіруден алдына жан салмады.
Сонымен қатар, «Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңінде әкелердің ой-өрісін және тапқырлығын анықтау мақсатында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты сұрақтар қойылды. Өте қызықты, әрі тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені иеленген Мусабеков Қуат, I орын Джалбиев Ерлан, II орын Зордунов Турганжан, Данабеков Айдос, III орын Көпбаев Айдын, Қапсаланов Ерлан ерліктеріне сай марапатталды.
Сайыс соңында мектебіміздің директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы сынға түскен әкелерімізді құттықтап, әрқашан да мектептің өміріне белсене араласып жүрген ата-аналарға алғысын білдірді. Мектебімізде тәрбиелік мәні зор іс-шаралар, атап айтсақ, «Әжелер сайысы», «Толағай», «Үлгілі жанұя» секілді кештер басшымыз Қаламқас Қалиқызының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жиі өткізілуде. Оқушыларға да мұндай кештердің берер тәлім тәрбиесі зор деп санаймыз. 

Алматы қаласы Алатау ауданы

И.Қ.Мандоки атындағы № 154 ЖББ мектептің
бастауыш сынып мұғалімдері:
Медеубаева М
Қуатбекқызы А

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста