Жаңалықтар

Ақтауда 10 жасар қызды сыныптастары ұрып тастады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Салдарынан бір апта бойы аурухана төсегіне таңылған Милананың денсаулығы сыр бере бастаған. Қазір миы шайқалып, бас сүйегіне зақым келген қыз көз жанарынан да айрыла бастапты.


Осы оқиғаға байланысты мектепті тексеріп жатқан қалалық білім бөліміндегілер «бұл лицей алдыңғы қатардағы білім ошақтарының бірі» дегеннен танбай отыр. Айтуларынша, талай жыл тарихы бар мектепте мұндай оқыс оқиға алғаш рет орын алған екен.


Бүгін Милананың туған күні. Алайда шағын да болса мерейтой иесінің оны атап өтетін жағдайы жоқ. Мектепте болған төбелестен кейін ол окулист пен жүйке жүйесін емдейтін дәрігердің алдынан шықпайды.


Тамара Исаева, Милананың анасы:


-Қызымды ұрған соң ол мектептің медбикесіне көмек сұрап барған. Алайда ондағылар маған болған жағдайды айтпады. Бәрін баламнан білдім. Енді сол төбелестің кесірінен қызымның миы шайқалып,бас сүйегіне зақым келген, көз жанары сөне бастады, қазір оның көзі 50 пайызға ғана көреді. Ауруханада бір апта жатып шықты, сонда да оның мұрнынан , аузынан кейде қан кетіп тұрады.


Оқиға үлкен үзілісте болған. Сынып жетекшісі бір қызды оқушыларға бас көз бол деп тастап кетіпті. Милана дәл сол қызбен шекісіп қалған. Ұрыстың арты төбелеске ұласыпты.


Милана Минсин, 3-сынып оқушысы:


-Мен сыныптан шығып кетіп, қайта оралсам, балалар қатты шулап жатыр екен. Мен «тынышталыңдар» десем ешкім көнбеді. Сосын тақтаға «ауыздарыңды жабыңдар» деп үлкен әріптермен жаздым. Әлгі қыз мұны кім істеді деп айғайлағанда, балалар мені меңзеді. Ол «Милананы ұрыңдар» дегені сол екен үш ер ұл бала мені ұстап тұрды, біреуі мені тепкілей бастады.


Осыдан кейін бір апта ауруханада жатып шыққан Милананың көз жанары сөне бастапты. Анасы қызының жанары қайта қалпына келмей, соқыр болып қала ма деп қорқады.


Қырмызы Қазиева, Ақтау қалалық балалар емханасының дәрігері:


-Бала «ми шайқалуы» диагнозымен бізде бір жыл бойы диспансерлік тізімде болады. Қаралу үш айда бір рет, бір жыл бойы жүргізіледі. Тиісті ем тағайындалады алдағы уақытта.


Мектеп әкімшілігі болған оқиғадан өзіміз де шошып отырмыз дейді. Милананы ұрып соққандарға қатысты ешқандай шара қолданбаған олардың айтуынша қыздың өзінен де бар.


Қажет Бекжанова, №7 мектеп директоры:


-Милана бойшаң қыз. Оны бір бала ғана ұрған, екіншісі жай ұстап тұрыпты. Төбелес дейтіндей ештеңе жоқ бұл жерде, Жай бір бала бір рет қана ұрған, болды,сол ғана. Оның өзінде бойы Миланадан екі есе қысқа.


Болған оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімі бұл мектепті жан- жақты тексеріп жатыр екен. Оның қорытындысы бойынша мектеп әкімшігі де, соққыға жыққан балалардың ата- аналары да жазасыз қалмайды деп сендірді.


Светлана Төлебаева, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы:


-Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында болған оқиғаны жан- жақты талқылаймыз. Бұл қаладағы маңдай алды лицейлердің бірі еді, қалайша мұндайға жол берілгенін өзіміз де түсінбей отырмыз. Балалар арасында түсіндіру жұмысын жүргіздік, олардың өзара тату болғаны бізге де жақсы ғой.


Милананың анасы да мектеп әкімшілігі тиісті жазасын алсын деп отыр. Өйткені осыдан бір ай бұрын қызы сабақ үстінде отырып саусағын сындырып алған екен. Сол жолы оған көз жұма қараған Тамара Исаева ендігі бассыздыққа төзбеуге бел буып, прокуратураға шағым түсіріпті. 


ktk.kz




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.12.2017, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31