Жаңалықтар

Ақтөбеде 13 оқушы қыз орамалын шешіп, сабаққа кірісті

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Ақтөбеде қыркүйек айы туғалы бері 13 оқушы қыз орамалын шешті. Мектеп формасын ұстануға қатысты жұмыстар нәтиже бере бастады деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Әкімдіктің мәліметінше, Ақтөбедегі орта білім беретін мектептерге жаңа оқу жылында 170 оқушы қыз орамал тағып келген.


"Мектеп формасын сақтау қажеттілігі туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектеп басшылары мен сынып жетекшілері осы мәселе бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің басшысы Жолдас Қалмағамбетовтің дерегінше, Ақтөбе облысындағы орта білім беретін мектептерге жалпы саны 370 оқушы орамал тартып келіп жүр.


Білім және ғылым министрлігі былтырғы оқу жылының ортасында мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салатын қаулы шығарған.


Биыл оқу жылында Ақтөбе, Жаңаөзен мен Шалқар қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал қалаларында бұйрыққа сүйенген мектеп басшылары орамал таққан оқушы қыздарды мектепте кіргізбей жатыр. 


azattyq.org




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.09.2017, 19:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31