Жаңалықтар

Ақтөбеде шенеуніктер оқушыларды жекеменшік мектептерге күштеп ауыстырып жатыр

  • © ktk.kz/

    © ktk.kz/

Өкіметтің мектебінен қумақшы! Ақтөбеде 800 баланы оқытуға тендер ұтып алған жекеменшік мектептерді толтыра алмаған шенеуніктер ата-аналарды қыспаққа алып жатыр. Әйтсе де ешкімнің ұл-қызын мемлекеттік білім ордасынан алып кетіп, жекеменшікке бергісі жоқ. Білім бөліміндегілер мемлекеттік мектептерде орын жоқ деп алдаусыратқанына да ата-аналар көнбеді. Ең қызығы осы мәселеге қатысты жиналысқа тілшілерді кіргізуге тыйым салған.


Қала шетіндегі «Батыс-2» ықшам ауданындағы қос мектептің ата-аналары осында күнде жиналады. Оларға білім бөлімінің басшылары балаларын жақын маңдағы жекеменшік мектепке ауыстыр деп маза берер емес. Бұған көнбегендері қол жинап жүр.


Гүлзира Бахтыгеева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:


-Бұл барып тұрған заңсыздық. Біздің құқығымыз тапталып тұр. Тендер ұтып алған екен деп баламызды жекеменшік мектепке ауыстыра алмаймыз. Ол жаққа қатынауға да қолайсыз. Бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігіне кім жауап береді.


Бала оқитын мектепке шенеуніктер ата-аналарды күнде жинап әлек. Бірақ тілшілерді жиналысқа кіргізуге тыйым салған. Ол үшін күзетті күшейтіп, БАҚ өкілдеріне қоқан-лоқы көрсетуден тайынбайды.


-Ақтөбе кішкентай қала. Өмір бойы осыны ұстаймын деп отырсың ба?


-Ата-ана кіреді. Телевидениені кіргізбеңдер деді...


Биылғы оқу жылында ақтөбелік 800 баланы оқытуға жекеменшік екі мектеп тендер ұтып алған. Егер осынша баланы жинамаса кәсіпкерлер қазынадан бөлінген қаржыдан қағылады.


Дина Қалетова, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:


-Бұл аудандағы мектептерде бала саны көп. Сондықтан жекеменшік «Сымбат» мектебі 650 баланы, «Ақбөбек» 150 баланы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыта алады. Шілде айынан бері осыны ата-аналарға түсіндіріп келеміз. Ол жақта жағдай жасалған.


-Тендер ұтып алған жекеменшік мектепке әр оқушыны оқытуға айына 20 мың теңгеден бөлінеді екен. Жылына орташа есеппен 800 оқушыға 160 миллион теңгедей жұмсалады. Бірақ бизнеске бағытталған мұндай білім ошақтарына ата-аналар күмәнмен қарайды. Өйткені, жыл сайын тұрақты ақша түсіп тұрмаса ең алдымен баланың сандалып қалатыны түсінікті.


ktk.kz


 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30