Жаңалықтар

Ақылды адамның белгілері

  • Ақылды адамның белгілері

    Ақылды адамның белгілері

 Ақылдылық міндетті түрде мектепті үздік оқу не жаңа өнім ойлап табумен өлшенбейді. Парасатты жан өзіне не қажет екенін және оған жету жолын жақсы біледі.


Ой-өріс кеңдігі. Ақыл түсінігі көзі ашық, көкірегі ояу болуымен байланысты. Тек өзіңізбен бірдей пікірдегі адамды ғана тыңдамаңыз. Белгілі бір мақсатқа бағытталған болсаңыз ғана таңдаулы кітаптарды оқыңыз. Ал өзге жағдайда талғамыңызға сай келмейтін кітаптарды оқып көріңіз. Бір келер өмірде бәрін де көру керек, мүмкін онда сіз білмейтін қызық көп шығар.


Сырт келбетіне көп көңіл бөледі. Өзгелер киіміне қарап қарсы алып, біліміне қарап шығарып салатынын ақылды адам жақсы біледі. Өзін қырандай баптап, мұнтаздай боп жүреді.


Қарсы отырған жанды тыңдай білу. IQ деңгейіңіз жоғары болғанымен, эмоционалды зеректігіңіз төмен болса, артық ақылыңыздан пайда жоқ. Себебі сөйлеп отырған жанның не айтып отырғанын терең ұғынып, әңгімені әрі өрбітетін сұрақтар қоя білудің маңызы жоғары.


Кеудені тік ұстау. Қарым-қатынас көп жағдайда «дене тілі» арқылы құрылады. Егер бүкірейіп жүрген жан көрсеңіз, бірден еріншек, ұялшақ, ақымақ біреу болар деген ой келеді.


Ақылдылықтың тағы бір белгісі – есте сақтау қабілеті жақсы дамуы. Миды пайдасыз ақпаратпен толтырмай, орнына құнды деректі сақтап алып, қажет кезінде «қазынасымен» бөлісіп отыру керек.


Терең тыныс алу. Сырт көзге сенімді көріну үшін терең тыныс алып, миды оттегімен қоректендіру қажет. Қоғамға өзіне сенімді адамдар ұнайды, себебі олар арқа сүйеуге болатын қаһармандай көрінеді.


Тісі «түзу». Адамның тісі маржандай тізіліп, қардай аппақ болып тұрса, ақылды деген сөз емес. Сол тіске ерекше күтім көрсетіп, саулығын басты назарда ұстайтын адам ақылды.


Мәдениетті сөйлеу. Парасатты жан ұрыс-керістен, кикілжіңнен басын алып қашады. Кез келген мәселені бәсең дауыспен талқыласа, түсіністік орнайды.


Ең бастысы, ақылды адам «Жақсы жан жақсымын деп айта алмайды, жаман адам жақсымын деп айқайлайды» деген сөзді жадынан шығармайды. Ол зеректігін мейлінше тасада ұстайды.


 


elana.kz




Көрілген: 1556    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30