Әлемді мейірімге толтыру адамзаттың өз қолында

Әлемді мейірімге толтыру адамзаттың өз қолында

Жақында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында Еліміздің бірінші ханымы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің бітірушілерімен кездесті. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігі мол азамат ретінде қалыптасуына ерен еңбегін сіңіріп келе жатқан бірінші ханымның бұл кездесуі тағылымды, тәрбиелік маңызы зор, игілікті шара болды.
Кездесу Сара Алпысқызының сүйіспеншілік сабағынан басталды. Кездесуге жиналған көпшілік өзінің айналасындағы жақындарына, шәкірттеріне, балалары мен ағайын-туысына қалай мейір-шапағатты болудың үлгісін көрсететіні анық. Өйткені, бұл кездесуде сондай үйлесім салтанат құрды. Тәрбиенің бастауы адамның бір-біріне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік қарым-қатынасынан тұрады. Колледж түлектері өздерінің жадында мәңгіге сақталатын мұндай мағыналы кездесулердің өз тәжиірбелеріне қажеттігін, болашақта осы тағылымдарды пайдаланатындарын айтысты.
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің түлектері өздерінің еңбек жолдарында жалпыадамзаттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиет үндестік тапқан осы ортадан алған білімнің үлкен өмірлік азық болғанын тебірене баяндады. Қазіргі заман талабы ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу болса, жас буынның тәуелсіз, еркін ойлы азамат болып өсуіне өзін-өзі тану пәнінің берері мол.
Аталмыш колледжде білім нәрімен сусындаған Жүкешбаева Жанна, Советбаева Айдана, Юсупова Мақпал, Оспанов Олжас, Манап Аида, Жұмабек Сәулетхан, Адай Рысбике, Тілеген Дәулет,Әбутәлі Мағжан, Серікова Анар секілді көптеген түлектер бүгінде жас та болса өз саласының үздік мамандары атанып, республикалық, облыстық дәрежедегі әртүрлі шараларға белсене атсалысуда, сонымен қатар түрлі деңгейдегі марапаттардан да құралақан емес.
Жиналған түлектер қайырымдылығы мен аналық мейірімінің арқасында «Алтын жүректі ана» атанған ардақты жанға ыстық лебіздерін білдірісіп, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Жүрекке жылылық құйған бұл кездесуде рухани өзекжарды әңгіменің тиегі ағытылды.
Колледждің түлегі, Ы. Алтынсарин атындағы 159 мектеп-гимназияның «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысы Төлеген Майра «Өзін-өзі тану» пәні талай шәкірттің жүрегіне нұр сыйлап, мейірім шапағатына, сүйіспеншілікке бөлегенін айтты. «Аталмыш пәнді оқыту барысында оқушылардың өзіне деген сенімінің қалай пайда болатынына куә болдым. Жеке тұлға ретінде қалыптасқысы келетін кез -келген жасөспірім еркіндікті, тәуелсіздікті сүйеді. Олармен тең дәрежеде сөйлесе отырып, осы сабақтың арқасында шәкірттердің армандарының соншалықты асқақ екенін көзім жетті. Біз осы асқақ армандарға өзіміздің дұрыс бағытымыз арқылы қанат бітіруге тиіспіз»,-деді Майра Төлеген.
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінен талай түлекті қанат қағып, болашаққа аттанды. Бүгінде солар өмір атты үлкен айдында өз шәкірттерін тәрбиелеп, туған халқы үшін еңбек етуде, сонымен қатар түрлі додаларда өз білімдері мен мүмкіндіктерін сынауда. Олардың арасында үздік шығып, бәйге алып жатқандары да аз емес. Мәселен, Алматы қаласы №3 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Юсупова Мақпал «Жылдың үздік мұғалімі - 2016» төсбелгісімен марапатталса, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы, Ынтымақ орта мектебінде еңбек етіп жатқан Адай Рысбике аудандық «Үздік жас маман» конкурсында жүлдегер атанып, Жамбыл аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасына ие болды. Ал, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылы, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебіндегі «Өзін-өзі тану» пәнін мұғалімі Әбутәлі Мағжан «Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдер арасында өткізілген аудандық олимпиадада жүлделі І орынды жеңіп алды. Әрине, бұның бәрі үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбектің жемісі, шығарған биігі.
Жаны ізгі, жақсылыққа құмар мұндағы ұстаздардың өмірлік ұранына айналған рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жүзеге асып жатқан жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы білім беру, толыққанды азамат тәрбиелеу принципі әлі талай жасқа жол сілтері анық. Отанын сүйетін, елінің, жерінің шын мәніндегі патриоты болып өсіп келе жатқан жеткіншектер саны шексіз. Осындай игіліктің басында әрине, ең алдымен ізгілікті ұстаздардың тұрғаны анық.
«Өзін өзі тану» атты рухани-адамгершілік білім беру идеясы қоғамға дамуына ең қажетті бағдарлама десек артық емес. «Әлемді мейірімге толтыру - адамзаттың өз қолында. Ол үшін бір-бірімізге мейірімді болып, жан жылуымызды аямауымыз керек. Жүректен шыққан жылы сөз жүрекке жететіні сөзсіз. Ертеректе әжелеріміз «Өмірге адам болып келіп, адам болып аттануымыз керек», – деп жиі айтып отыратын. Сол дала академиктері салып кеткен сара жолды қарап отырып, өзара түсіністік, адами қасиет, сүйіспеншілік, мейірім мен қайырым адам бойындағы ең асыл қасиеттер екендігіне, сол қасиеттерді адам өзінен іздеуінен бастау алатынына көз жеткізесің. Бәрінің бастауы – махаббат, адамзатқа деген сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты да сол», – деді кездесу барысында Сара Алпысқызы.
«Бөбек» орталығындағы кездесу барысында ерекше бастама көтеріліп, Бітірушілер ассоциациясы құрылды. Колледж түлектерінен құрылған бұл ассоциация алдағы уақытта көптеген игілікті істердің атқарылуына ұйытқы болмақ.
Мемлекеттің түп қазығы –жастар екенін, олардан аға буынның күтер үміті зор екендігін, жақсы шәкірт тәрбиелеу –ұстаз міндеті екендігін айтқан бірінші ханым кездесу қонақтарының еңбектеріне жеміс тіледі. Салиқалы кездесу әдемі ән, айшықты биге ұласты.
Тағылымды кеш жиналғандарға ұмытылмастай әсер қалдырды.

Алматы қаласы

Ақеділова Райгүл, "Өзін-өзі тану" Адамның үйлесімді дамуы колледжінің оқытушысы, Алматы қаласы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста