Жаңалықтар

Алматы – жастар қаласы

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алматы қаласы күні» мерекесі аясында шетелдік студенттерге арналған «Алматы – жастар қаласы!» атты ашық тәрбиелік іс-шарасы өтті.


Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінің Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.


Өткізілген іс-шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Алматы қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Алматы қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.


Жиында сөз алған кафедра оқытушысы А. Ахмедова Алматының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл мейрам Алматы қаласының жарқын көрінісі екендігін, сондай-ақ, әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін түсінетіні жайлы мақтанышпен сөз етті.


Осы кафедраның аға оқытушысы А.С. Айтпаева өз сөзінде Алматы – егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы – Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық-экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.



Шараны оқытушылар Р.М. Есбулатова, М.А. Азнабакиева, Т.В. Курмановалар дайындаған шетелдік студенттердің Алматы қаласы туралы әдеби монтажы жалғастырды.


Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Алматы қаласының көрікті жерлерімен, мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.


Студенттер Алматы қаласы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.


«Алматы – жастар қаласы!» - атты ашық тәрбиелік іс-шара ғылыми-рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.


Саденова А.Е., Айтпаева А.С., Якубаева К.С.

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары

 




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.09.2017, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31