Жаңалықтар

Алматылық қыз ҰБТ-дан 140 балл алды

  • Шиара Құдайбергенова

    Шиара Құдайбергенова

Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады. "Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы - Алматы қаласы 123 мектеп-гимназиясының түлегі көп күткен ең жоғары 140 балл алды", - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне.


Оның айтуынша, Шиара Құдайбергенова 25 маусымда тест тапсырған.


"Шиараны тамаша нәтижесімен құттықтаймын. Жарайсың. Кез келген ісінде жақсы маман болсын деп тілеймін. Оның мұғалімдері мен ата-анасына алғыс айтамын", - деді вице-министр.



Шиара Құдайбергенова Алматыдағы Қожа-Ахмет-Яссауи атындағы 123 мектеп-гимназиясында оқып бітірді.




Шиара 2017 жылы "Инабат" сұлулар сайысында жеңімпаз атанған. Бұл сайыста Әуезов ауданының бес үздік мектебінен арулар қатысқан.



Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

 




Көрілген: 182    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31