Жаңалықтар

Алматылық түлектер лимузинмен қыдырудың орнына онкологиялық науқас балаларға сыйлық алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда №54 мектептің түлектері дәстүрлі лимузинмен қыдырудан бас тартып, оның орнына Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар сыйлады.


Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Гүлнара Кунированың Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Бұл күн Алматыдағы №54 мектептің түлектерінің есінде мәңгі сақталады. Бүгін олар көпшілікке ой салар әрекет жасады. Барлық түлектер үшін дәстүрлі саналатын лимузинмен серуеннің орнына, олар мектеп директоры мен ата-аналарымен ақылдасып, ол ақшаны Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар сатып әперуге жұмсау туралы шешім қабылдады. Балалардың көбіне қайырымдылық тәжірибесі өмірлерінде бірінші рет болды. Бұл олардың жаңа жауапты өмірлерге қадам басар маңызды сәтіндегі игі іс болсын», - деп жазды Гүлнара Кунирова.



Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті №54 мектептің түлектеріне қолдау білдірген оқу орнының директоры мен ата-аналарға алғыс айтты. «Балалар орталығында телевизоры жоқ 11 палата бар. Осы бастаманы 1 маусым қарсаңында басқа мектептің түлектері жалғастырса нұр үстіне нұр болар еді», - деп атап өтті Гүлнара Кунирова.


 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31