Жаңалықтар

Амангелді Айталы: Мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуімен ажырасқан

  • Амангелді Айталы: Мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуімен ажырасқан

    Амангелді Айталы: Мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуімен ажырасқан

Ақтөбеде зиялы қауым өкілдерінің алдында сөз сөйлеген танымал саясаткер қоғамның басты проблемасын өткір көтерді. Ол мектептегі мұғалімдердің 45 пайызы күйеуімен ажырасқанын тілге тиек етті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қоғам қайраткері əкесіз өсіп келе жатқан балаларды күйеуімен сыйыспаған мұғалімдердің тəрбиелеп жатқанына алаңдады


"Маған бір мектептің директоры: "Менің оқушыларымның 45 пайызының əкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы əке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Менің мұғалімдерімнің дені -əйелдер. Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды əкесі жоқ, мынау да жынды байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас" деп айтты. Бұл - шындық", - деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.


Жастар тəрбиесіне зиялы қауымның көңіл аударуына қатысты өткен кездесуде барын бағалай білмейтін жастар легіне қатысты да Айталының айтары болды.


"Біз тұтынушы қоғам құрдық. Дүниеқор, ақша алдына шыққан, рухани құндылықтардан кейін қалған қоғам. Социолистік қоғамда не нəрсеге де зəру болдық. Біздің анаған, мынаған қолымыз жетпеді. Мына заман келді. Бəріне қолымыз жетті. Тəрбие мен рухани құндылық кейінге қалды",-деді Амангелді Айталы.


Саясаткер дүниеқор заманда адам капиталының ұмыт қалғанын айтты.


"Бүгін өте қиын заман. Ұрпақ алмасады. Біз 40 жасқа дейінгі жастардың пікірін көп білмейміз. Тəуелсіздік алған кезде 13-14 жаста болған жастар бөлектеу. Олармен жұмыс жасау күрделі. Баяғы стандарт келмейді", - деді ол. 




Көрілген: 9568    Пікірлер: 1

жұма, 24.03.2017, 12:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Сәуір, 11:23
Қош келдің - Наурыз!
5 Наурыз, 16:39
Білімді ел – мәңгі ел
22 Ақпан, 14:20
Етістік
21 Ақпан, 13:21
Киелі жеті саны

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30