Жаңалықтар

Әріптестік арнасын кеңейткен кездесу

  • © Abai.kz

    © Abai.kz

Қазақстан мен Қытайды ертеден келе жатқан достық, әріптестік қатынастар байланыстырады. Бүгінде жоғары деңгейдегі қарқынды диалог жалғасын табуда.


Білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің қызметі зор.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдерімен және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Қытай студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.


Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім саласында атқарылған шара аз емес. Әріптестігімізді нығайтуға арналған біздің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетімізде өткен кездесу мәдениет және білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.


Аталған іс-шараның мақсаты - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында түрлі бағыттары бар ынтымақтастықты одан ары кеңейту болып табылады. Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дағы білім алып жатқан шетелдік студенттердің көпшілігі Қытайдан келген. Жыл сайын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қытайдан келген 100 тыңдаушы ҚР жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін тілдік дайындықтан өтеді.

Кездесу барысында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е. Жаппасов факультет тарихымен, жалпы жағдайымен, білім жүйесімен, оқу-әдістемелік жұмыстарымен таныстырды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Ихсангалиева кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен таныстырып, оқу-әдістемелік жабдықталуы, ерекшеліктері мен басым тұстары туралы мәлімдеме жасады.


Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Ваң Си Пин мырза «Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-мәдени байланыс» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ ҚХР консулдығының өкілдері Қытай еліндегі жоғары оқу орындарының тарихымен, білім берудегі өзіндік жүйесімен, әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманғы жаңалықтарымен таныстырып, ой бөлісті.


Кездесуде Қазақстандағы қытай студенттерінің әлеуметтік бейімделу мәселелері, сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту туралы талқыланды. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми, мәдени байланыстар орнату туралы ұсыныстар жасалынды.


Аталған мазмұнды шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары және тағы басқа да Алматы қаласының ЖОО-нан шақырылған қонақтар және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар осы факультетті бітіріп кеткен бұрынғы бітірушілер қонаққа шақырылды.


Кездесу аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға Қытай елінен білім алу үшін Қазақстанға келген студенттер ән орындап, би билеп, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Ж.Е. Жаппасов., А.Е. Саденова


 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

жұма, 24.11.2017, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30