Жаңалықтар

Астана медициналық университетіндегі шу: оқудан шығарылған студенттер не дейді?

  • © Sputnik / Александр Кондратюк

    © Sputnik / Александр Кондратюк

Ағылшын тілі бойынша жалған сертификаттар пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған студенттер алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.


Оқудан шығарылған 117 студенттің екеуі телеарнаға болған жайттың мән-жайын түсіндіріпті. Алена Бессарабова мен Венера Алматова айтқандай, IELTS сертификатын оларға бір әйел берген екен. Ол қыздарды өзі іздеп тауып, ағылшын тілі курсын оқып, халықаралық деңгейдегі құжат алуды ұсынған. Қылмыстық істі тергеу кезінде студенттер жалған сертификат берген әйелді көрсеткендерін айтады.


"Біз алаяқтардың құрбаны болдық, сол себепті қазір қандай да бір мүмкіндік болса, диссертациямызды қорғауға бір-ақ ай қалғандықтан, оқуға қайта қабылданып, қорғай аламыз ба? Оқу бағдарламасын толығымен аяқтағанбыз", — дейді студент Алена Бессарабова.


Кеше белгілі болғандай, елордалық "Астана" медициналық университетінің жүзден астам студенті магистратураға түскен кезде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған. Студенттер жоғары білім мен шәкіртақыға жұмсалған мемлекеттік қаражатын қайтаруы тиіс.


 


 Sputnik




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30