Жаңалықтар

Астана мұғалімдеріне берілетін сыйлықақы көлемі артатын болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бұлтты бухгалтерия Астана мектептеріне жылына 200 миллион теңге үнемдеуге жол ашады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Биыл барлық мектептерде бірыңғай бұлтты бухгалтерияны енгіземіз. Оның жұмысына жасалған талдауға сүйенсек, сатып алуларды орталықтандыру мен қаржылық блок жұмысын оңтайландыру есебінен жыл сайын 200 млн теңгені үнемдей аламыз. Бұл тұрғыда осы қаржыны мұғалімдердің сыйлықақысына үлестіру мүмкіндігі болады. Сонымен қатар біз үшін материалдық-техникалық жабдықталу бағыты да басымдыққа ие. Жаңа оқу жылында 46 мектеп робот техникасының кабинеттерімен толықтай жасақталады. 2018 жылдың қыркүйегіне дейін кеңжолақты интернет байланысымен барша мектепті Wi-Fi желісімен 100 пайыз қамту жоспарда бар»,-деді Исекешев.


Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы мектеп оқушылары контингенті 130 мың баланы құраса, биыл 143 мыңға жетті.


Оқушылар санының артуына байланысты мектеп жанынан 2 600 орынға арналған 5 жапсарлас құрылыс нысаны тапсырылып, 11 мың орынға есептелген 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатар.


Бұдан бөлек, 16 мектеп пен 10 жапсарлас нысанды жобалауды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр.


 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.09.2017, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31