Жаңалықтар

Астанада жаңа оқу жылы үлкен айқаймен басталды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Үш ауысымдық білім беруге қарсы шыққан ата-аналар бүгін тура мектепке келіп, шу шығарды.


- Жұмыстан сұранамын қайта -қайта. Ыңғайсыз. Ал 45 минутта мұғалімнің әр оқушыға 1 -ақ минут уақыты кетеді.


Осылай деп наразылық танытқан ата-аналар сабақтың түскі 12 жарымда басталатынына ашулы. Оның үстіне оқушы саны көп, бір сыныпта 43 бала білім алуда. Кейбір сыныптарда әр партада үш-үштен отыруға мәжбүр. Ол аздай, ұстаз да жетіспейді. Жалпы, Астана бойынша 27 мектепте дәл осындай жағдай. Құрылысы жаңадан басталған 10 мектеп салынып бітпейінше бұл мәселе шешілмейді екен. Ал ата-аналары шулап жүрген № 84 лицейді былтыр президенттің өзі келіп ашқан еді. Негізі, мектеп 1200 шәкіртке арналған. Алайда, ЭКСПО қалашығы ашылған соң, бала саны еселеп артыпты. Сондықтан мектеп басшылары үш ауысымнан басқа амалымыз жоқ деп отыр.


Гүлнұр Омариева, № 84 мектеп-лицей директорының орынбасары:


-Биылғы жылы тек бастауыш сынып оқушыларының саны 1360 жетті. Ал мектеп бойынша 2300 бала отыр. 


ktk.kz




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.09.2017, 08:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31