Жаңалықтар

Аттестация-2018: Мұғалімдердің бұрынғы үстемеақылары сақтала ма

  • © RussInfo.net

    © RussInfo.net

Биыл қыркүйек айында мектеп мұғалімдері аттестациядан өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтің айтуынша, осы уақытқа дейін үш категория бойынша төленген үстемеақылардың барлығы сақталады.


"Бұған дейін жоғары, бірінші және екінші категориялар болды. Аттестацияның жаңа жүйесіне сәйкес, аталған категориялар бойынша қазіргі барлық үстемеақылар сақталады. Соның үстіне қосымша үстемақы аламын десе, жаңа жүйе бойынша ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін екінші кезең бар. Оны да ойдағыдай тапсырса, біліктілік деңгейіне қарай 30-50 процентке дейін үстемеақы алуға болады", - деді А.Аймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жақын арада аттестацияның жаңа ережесі бекітіледі. Соның негізінде мұғалімдердің біліктілігі тексерілетін болады.


Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қыркүйекте мұғалімдердің аттестациядан өтетінін мәлімдеді.


Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 285 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Олардың тең жартысы - жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер.

 




Көрілген: 2660    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.04.2018, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30