Әзағаға арналған әдеби кеш

Әзағаға арналған әдеби кеш
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 95 жылдық мерейтойына орай «100 кітап» жобасы аясында «Әдеби жыр кешін» өтті. Бұл шара ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында болды. Әдеби кешке ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, кафедра оқытушылары мен Алматы қаласының студент жастары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Бұл кешке Абай атындағы ҚазҰПУ, Сүлейман Демирель атындағы қазақ-түрік университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазМемҚызПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің, колледждің және бейіндік мектептің оқытушылары, студенттері мен оқушылары қатысып, өздері шығарған өлең жолдарын оқып, көрнекті қаламгердің еңбектері туралы ой-толғаныстарымен бөлісті. Өмірдің сан алуан қиындығын бастан кешсе де, өзі таңдаған сара жолдан таймай, өмірінің ақырғы күндеріне дейін адамзатқа рухани азық сыйлап, ұрпақты ізеттілік пен сүйіспеншілікке баулып өткен Әз ағаның шығармаларымен сусындату – кештің басты мақсаты болды. Жыр сүйер қауыммен профессор Ж.Ә. Нұршайықова жазушы отбасы атынан естелік әңгімелерімен бөлісті. Аға оқытушы И.И. Сапронова, доцент Г.С. Қойшыбаева, А. Ермағұлова жыр кешін өлеңмен бастап берді. Кешті қаламыздың ЖОО студенттері мен қонақтары жалғастырды. Жыр кеші мен байқауға қатысушылардың бәріне сертификат пен Әз ағаның кітаптары сыйға тартылды. Қазіргі жас буын ұрпақ Әзілхан ағаның шығармаларына терең бойлап, көкіректеріне түйген сырларын шынайы көркемдеген. Олардың арасында болашақ қара сөз шеберлері де, сөзін өлеңмен өрген болашақ ақындар да кездеседі. Ендеше, сөзі де көркем, мазмұны да көркем болашақ сөз өнері иелеріне ақ жол тілеп, игі бастамалар жалғаса берсін демекпіз. Сонымен қатар бүгінде аты аңызға айналған Әз ағаның шығармаларын әрбір жас оқуға тиіс 100 кітаптың бірі ретінде дәріптеліп, тәлім-тәрбиесі мол "Әдеби жыр кеші" жоғары деңгейде өтті. Ж.Ә. Нұршайықова, А.Е. Саденова, Г.Ә Мұсаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста