Бала құқығы басты назарда!

Бала құқығы басты назарда!

Елімізде балалар мен жасөспірімдердің құқығы қорғалған. Оны бұзған адам әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады. Өкінішке қарай соңғы жылдары қоғамымызда үлкендер тарапынан балалардың құқығын бұзу оқиғалары жиілеп барады. Осы орайда еске сала кетсек, балаға қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе, ҚР заңының 104-бабына сәйкес айыпталушы 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi арқылы тән немесе психикалық зардап шектірсе, елу айлық есептік көрсеткіштен, жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін түзеу жұмыстарына тартылып немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
120-бапқа сәйкес, кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынаста болу 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығына айыруға және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге аластатылады. Яғни елімізде балалар құқығы заңмен толық қорғалған.
Сондай-ақ бірнеше жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры бастаған бірнеше мекеме елімізде жаңа коммуникациялық жобаны қолға алды. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысы балаларды, ата-аналарды, жалпы қоғамды жүйелі ақпараттандыру жұмыстары болса, екінші бөлімде заңға қайшы әрекет жасаған балалардың құқығын оң бағытта қорғау, қолдау және түзету. Пилоттық жоба әзірге елдегі бес қалада жүзеге асады. Жоба бойынша отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, балаларды бақылауда ұстау, білім беруге ата-аналардың қатысуы мектеп өміріне белсенді қатысу ғана емес, олардың міндеті екенін ата-аналар арасында түсіндіру, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себеп - салдарын анықтау, оның алдын алу және болдырмау жолдарын қарастыру, сонымен қатар білім беру мекемелерінде тәрбие жұмыстарын жандандыру, ата-аналарға байланысты жұмыстарды жақсарту, балаларды зорлық – зомбылықтардан қорғау мәселелерін назарға алу қарастырылған. Яғни, ата-анаға қолдау көрсету, бала-тәрбиесінде бағыт-бағдар беруді мақсат етеді. Мұндай бағдарламалар баламен қарым-қатынасты түзетеді деп сенгіміз келеді. Сарапшылар бұл бастаманы қолдап отыр. Олардың ойынша, «көп ата-ана баласына қол жұмсау арқылы оған тек физикалық қана емес, психологиялық ауруларға душар ететінінен бейхабар». Бүлдіршіндердің ең бақытты балалық шағында агрессия, зұлымдықпен бетпе-бет келуі, өмірдің жаман тұсын ерте көруі дүние жүзін алаңдатып отыр. Себебі, бала – болашақ, бала – баға жетпес қазына. Сарапшылар оларға қатысты сабырлы, мейірімді болуға шақырады.
Жалпы балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық – физикалық, эмоционалды, сексуалды түрде болады. Мамандардың пікірінше, баланы ширату мақсатында жылулық, мейірім білдіріп, қамқорлық көрсетпеу де оған жасалған қиянат болып есептеледі. Физикалық зорлық – балаға қасақана түрлі дәрежедегі жарақаттар салу. Сексуалды зорлық – баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, физикалық қатынасқа түспесе де, өзінің ұятты жерлерін көрсету, порнографиялық мазмұндағы бейне жазбаларға түсіру. Эмоционалды зорлық – балаға дұшпан ретінде қарау немесе оны мүлде елемеу арқылы оның өзіне сенімділігін жоғалтуға себепкер болу, өзін басқалардан төмен санай бастауы, патологиялық мінездің қалыптасуы және сол арқылы қоғамға сіңісе алмауына соқтыру. Сонымен қатар, балаға қатты айқайлау, жеке басына тиісу, қорлау, көңіл бөлмеу, әрбір іс-әрекетін сынап-мінеу, балаға жаман сөздер айту, оның көзінше үй жануарын азаптау немесе өлтіру жатады.

Байбатырова Қарлығаш, Талғар ауданы, Дәулет ауылы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста