Жаңалықтар

Балабақшаға бармаған балалар мектепке қабылданбайды

  • Балабақшаға бармаған балалар мектепке қабылданбайды

    Балабақшаға бармаған балалар мектепке қабылданбайды

Түрікменстанда жаңа оқу жылынан бастап балабақшаға барғаны туралы анықтамасы жоқ балалар мектепке қабылданбайды. Яғни балалары балабақшаға бармаған ата-аналар көптеген қиындыққа тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centrasia.ru сайтына сілтеме жасап.


Осы күнге дейін баланы мектепке қабылдау үшін жергілікті мекен-жайы туралы анықтама, туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық анықтама, сурет, ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама және «уч-арка маглумат» атты құжатты талап ететін.


Облыстардың біріндегі білім басқармасының өкілі «Хроники Туркменстана» басылымына берген сұхбатында мұны балабақшаға баратын балалардың саны азайған соң жасап отырғандарын айтқан. Соңғы уақытта мектепке дейінгі мекемелердің қызмет көрсету бағасы он есе өсіп кеткендіктен, ондағы балалар саны күрт азайған болатын.


Ал мекемелердің бағасының көтерілуіне қызмет сапасының жақсаруы әсер еткен екен. Алайда бүлдіршіндердің ата-аналары балабақшаға он есе артық ақша төлесе де, олардан әлі күнге дейін ұнтақ, дәретхана қағазы, кеңсе тауары және т.б. материалдарға ақша жинап жатқанын айтады.


Мұнымен қатар, Түріксменстандағы Білім министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінде балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға жәрдемақы төлемеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда үш жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленіп отырады.


Естеріңізге сала кетсек, жуырда Түрікменстан билігі қара түсті көліктер мен әйелдердің автомобиль жүргізуіне тыйым салған болатын.


 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31