Жаңалықтар

Баласын хиджабсыз мектепке жібермейтіндер ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

  • © islam.ru

    © islam.ru

Мектепте хиджаб киюге салынған тыйымды қаперіне ілмей, баласын мектепке жібермейтіндер енді ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Nur.kz порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Хиджабқа қатысты даудан әбден басы қатқан шенеуніктер заңға бағынбайтындарға қарсы әрекет етуге көшпек.


Осы жылдың өзінде-ақ бір ғана Ақтөбеде он ата-ана мен 20 мектеп директоры Дін істері басқармасына шағым түсірген. Олардың бірі хиджабқа тыйым салу конституциялық құқықты аяқ асты ету деп санаса, енді бірі Білім министрлігінің бұйрығы орындалмай жатқанына шағымдануда.


Бұйрықты орындамағандарға әкімшілік жаза қарастырылған - 10 АЕК көлемінде айыппұл (20 мың теңгеден астам). Екінші рет заңға бағынбағандар екі есе айыппұл төлейді. Ал үшінші рет тәртіп бұзғандар "Неке және отбасы" заңына сәйкес баласын арнайы мектепке беруі тиіс. Ал ең қатал жаза - ата-ана құқығынан айыру.


"Егер ата-анасы баласын мектепке жібермей жатса, бұл шараға да жүгіне аламыз. Ата-ана құқығынан айыру шарасына жүгіну мүмкіндігі бар", - дейді Ақтөбе облысы дін істері бойынша басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов.


Мұғалімдер хиджаб киетін оқушылардың дені өзге оқушылармен араласпай, мінезі тұйықталып кететінін айтуда. Ал хиджабты "кимешек" деп атайтын кей ата-аналар қазақ салтында кимешекті тек балалы әйелдер киіп келгенін түсіне бермейтін көрінеді. 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

жұма, 27.10.2017, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31