Жаңалықтар

Балқашта баспалдақтан құлаған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

№16 орта мектептің бесінші сынып оқушысы бірінші және екінші қабат арасындағы баспалдақтан құлап кеткен. Зардап шеккен ол аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Үзіліс кезінде мұғалім оқушыларды екінші қабаттан бірінші қабатқа түсірген. Сол аралықта оқушының ауыстырмалы аяқ киімін сыныпта қалдырып кеткені есіне түседі. Ол кабинетке қайтып келгенде, сыныптастары мұғалімдерімен дәлізге түскен. Балқаш қаласының білім бөлімінің басшысы Гүлмира Ақдарбекованың мәлімдеуінше, бала аяқ киімін алып қайта шығып келе жатқанда аяғы тайып кеткен.


Дәрігерлер самай сүйегінің сынғанын және бас сүйек ішіндегі гематоманы анықтады. Оған ота жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды.


«Пән мұғалімінің әрекетінен ешқандай құқықбұзушылық қарастырылмайды. Бала өзі құлаған, оны ешкім итерген жоқ, баспалдақта ешқандай ойын ойналған жоқ. Оқушылар назардан тыс қалмаған», - деді Гүлмира Ақдарбекова.


Қазіргі уақытта бесінші сынып оқушысының жағдайы тұрақты, өміріне төнген қауіп жоқ.  




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.12.2017, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30