Батыр Расул Есетовтің ескерткіші ашылды

Батыр Расул Есетовтің ескерткіші ашылды

Түркістан қаласында Кеңес Одағының батыры Расул Есетовтің рухына тағзым жасалды. Батырдың есімі берілген Түркістан қаласындағы Расул Есетов атындағы №20 мектепте батырдың ескеркішінің ашылу салтанаты өтті.
Айтулы шараға қала басшылығы, мектеп ұжымы, қаланың ардагерлері мен ақсақалдары арнайы қатысып игілікті істің куәгері болды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы қонақтар да келді.
Кеңес Одағының батыры Расул Есетов 1924 жылы Түркістанның іргесіндегі бүгінгі Теке ауылында дүниеге келген. Әкесі Есет 1936 жылы Расул атамыздың 12 жасында дүниеден озыпты. Анасы Хадиша екі баламен жесір қалып, үлкен ауыр күндерді кешеді. Анасының қолқанатына айналған Расул атамыз жастайынан отбасының асыраушысы болып, жұмысқа жегіледі. Осылай ауыр күндерді өткізіп жүргенде Мәскеуден суық хабар елдің құтын қашырады. Кеңес Одағына 1941 жылы Германия соғыс ашады. Бұл ІІ дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанған сәті еді. КСРО-ның әскерге жарамды жігіттері отанды қорғауға соғысқа аттанады.
Қатыгез өмір атамызды қайсарлыққа, өжеттілікке үйретіп ерте есейткен еді. Содан болса керек небәрі 17 жасында Отанды қорғау үшін отты соғысқа өз еркімен аттанған.
Майданда жүріп, өліммен талай бетпе-бет кездеседі. Толарсақтан саз кешіп жүріп қайсарлығымен көзге түсіп, талай соғыс ұрыстарында батылдығымен жауды жер жастандырады. Немістердің бекіністерін талқандап, көптеген жауынгерлерін тұтқынға алып бірнеше оқ-дәрі қоймасын қолға түсірген қақтығыстарда ерлік көрсетеді. Батырдың ерлігі мойындалып 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының батыры атағын алып, кеудесіне «Алтын жұлдыз» тағады.
Отанымыз Тәуелсіздік алған жылдардың жемісі ретінде 2002 жылы Расул Есетовті ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сондай-ақ Түркістан қаласының, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атанып, алғыс хаттармен марапатталады.
ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен 2017 жылы №20 мектепке Расул Есетов есімі берілген болатын. Қазіргі таңда мектепте білім алып жатқан 1800 оқушы батырдың ғұмырбаянына қанығып өсіп келеді.
Расул Есетовтың жанұясы атынан ұлы Ғалымжан Расулұлы мектептің бітіруші «Алтын белгі» иегерлеріне «Расул Есетов» атындағы шәкіртақы тағайындалатындығын және мектепке демеушілік жасап отыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Алдағы жылдары батыр атында жыл сайын «Ұлы жеңіс күніне» турнирлер өткізетіндігін де хабарлады.

А.Сәдібеков

Фото: Антон Лещенко

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста