Жаңалықтар

БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелерге сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1-сыныпқа бара алады.


"Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жасы 6-ға толатын балалардың барлығының мектепке баруға құқығы бар", - деді ведомство өкілдері.


Сондай-ақ, білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің мекенжай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алатыны айтылады.


Айта кетейік, биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады.


Мұнымен қоса, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.

 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30