Жаңалықтар

БҒМ "астаналық мұғалім" мәртебесін енгізу мәселесін қарастырады

  • © Foto: управление образования Астаны

    © Foto: управление образования Астаны

ҚР білім және ғылым министрлігі "астаналық мұғалім" мәртебесін енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Елордалық мұғалім мәртебесін енгізу мәселесін біз енді қарастырамыз. Жалпы білім және ғылым министрлігі мұғалім мамандығының беделін көтеру бағытында үнемі жұмыс жүргізетінін білесіздер. Бірақ елордалық мұғалімдердің мәртебесіне қатысты мәселе әзірге қаралған жоқ. Бұл бізге қаншалықты қажет, алдымен осыны еліміздің барлық педагогымен талқылап, анықтап алуымыз қажет. Бұл жұмыс әлі жүргізілген жоқ, сондықтан бір нәрсе айту ерте», — деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова.


Ал білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасын енгізу бұл мәселені шешуі мүмкін екенін айтты.


"Бізде еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілген. Ол барлық қызметкерге ортақ және өңірлік ерекшеліктерді ескермейді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы бұл мәселені шешуі мүмкін. Себебі, сіздер білесіздер, Астанадағы мектептер оқушыларға лық толы. Біздің ойымызша, осы жүйе бірқатар мәселені, соның ішінде мұғалімдерді ынталандыру мәселесін де шешеді. Біз Астананы кездейсоқ таңдап отырған жоқпыз. Яғни мектептерде тиісті қаржыландыру енгізіледі, ал онда сыныптағы оқушылар саны мен мұғалімнің жүктемесін ескере отырып ынталандыру шаралары қарастырылған», — деді Асылова.


 


 




Көрілген: 213    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 15.01.2018, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28