Биология сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Биология сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық – технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үрдіс.

Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты- оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімніңтақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Биология пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып өз білімін тексере алады.

АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, контент, телеконференция, «On-line» сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Интеративті әдістерге: презентациялар, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, ролдік ойындар т.б. жатады. Биологияны оқтуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

· оқушының өз бетімен жұмысы;

· аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

· білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; · шығармашылық есептер шығару кезінде биологиялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

· қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

· қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

· іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

· қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

· оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. http://www.zkoipk.kz

2. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы

3. Педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001

4. Қайым Қ. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. – Алматы;

 

 Тураева Гулмира Козыбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» КММ

Биология пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста