Жаңалықтар

Білім айдынында желкен керген...

  • © Күнгей.kz

    © Күнгей.kz

Биыл баспасөз беттеріне жарияланған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамның барлық саласына жаңа серпін берді. Мақалада айтылған маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз.


Аталмыш мақаладағы «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйсеінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген жолдардың мәні терең. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.


Кәсіби әрі шебер білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп білім беретін орта - кафедра. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 30 жылдан астам уақыт бойы білім әлемінде желкен керіп келеді.

Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми және әдістемелік базасы дамып, көптеген шетелдік азаматтардың білімін көтеріп, қияға самғатты.


Кафедра оқытушылары әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне қазақ және орыс тілдерін меңгертіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде.


Біздің кафедрамыз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізетін, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт-бағдар беруші руханият ордасына айналып отыр. Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде кафедрамызда студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Әр жастың жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосу оқытушылардың тікелей борышы. Оқытушы шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі қажет. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет.


Кафедра – білім беру жұмысын үйлестіруші әдістемелік орталық болып табылады. Кәсіби білім жетілдіру курстарын, жас оқытушыларға арналған сабақтарды тәжірибелі әдіскерлер жүргізіп отырады. Семинарлар, кеңестер ұйымдастырылып, әріптестерінің тәжірибесі насихатталып отырады.


Кафедрада үнемі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Сол ғылыми зерттеулердің нәтижесі тәжірибеге енгізіліп жатады. Мұның бәрінде кафедра қызметкерлерінің үлесі жоғары екені даусыз.


Қазіргі кезде кафедрада шетелдік азаматтарға тіл үйрете отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.


Қорыта айтсақ, кафедрада оқитын әрбір шетелдік студенттің жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған түйдекті мәселелер мен ауқымды міндеттерге аз да болса үлес қосу оқытушылардың тікелей борышы.


 


 


 


Саденова А.Е. филология ғылымдарының докторы

Есбулатова Р.М. филология ғылымдарының кандидаты




Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы


 


 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 13:45
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек, 21:21
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек, 21:09
    Рухы биік дара тұлға
    12 Маусым, 16:34
    Қала әкімі – ҚазҰУ-да

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30