Жаңалықтар

Білім биігіне талпыну - болашаққа бағдар

  • © Kaztrk.kz

    © Kaztrk.kz

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 12 сәуір 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан үшін тарихи дамудың жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігімен әрі маңыздылығымен ерекшеленетін жаңа тарихи құжат болып табылады.


Бұл мақалаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұжымы мен осы факультетте оқитын шетелдік студенттерінің арасында қызу талқыға түсті.


Түрлі елдерден келген шетелдік студенттер (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Түркия, Ауғанстан ж.т.б) бұл тарихи құжаттың негізгі бағыттарын қызығушылықпен қабылдады. Елбасы мақаласындағы заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі туралы, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отырғаны туралы, бұл қазіргі заман талабына сай, технологиялық ортаның коммуникация мен ғылым және білім беру үдерістеріне байланысты болып отырғаны туралы тереңінен жан-жақты талданды.


Елбасы бүгінгі күннің күн тәртібінде рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодты сақтап қалу мәселесін дер кезінде көтеріп, бүгінгідей қарыштап дамып бара жатқан заманда ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалу арқылы елдігімізді нығайтып, қарыштай дамитындығымызды көрсетіп берді.

Шетелдік студенттер біздің президентіміздің Қазақстан әлемге тек өзінің табиғи байлығыменжәне бейбітшілік бастамаларымен ғана әйгілі болып қоймай, сонымен қатар өзінің құнды тарихымен және мәдени мұраларымен де танымал болу керек деген пікірін қолдайды.


Президент өз мақаласында Қазақстанның кез-келген азаматының ХХІ ғасырға лайық компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық секілдіқасиеттері болуы тиіс екенін атап өтті. Шетелдік студенттер бұл факторлар, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары халықаралық рейтингісі, жоғары білім берудің заманауи стандарттарға сәйкестігі, оқытушылардың біліктілігі бүгінгі күні шетелдік азаматтарды Қазақстанда оқуға және жұмыс істеуге тартуда деп атап өтті.

Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының ғылым, білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде орны ерекше. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында студенттер қазақ және орыс тілдерін оқумен қатар, Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен де танысады.Бұл бағытта кафедра оқытушылары белсенді жұмыс істейді.


Елбасы мақаласында көрсетілген бірқатар жобалар аясында жәнеЕлбасы ұсынып отырған игі бастаманы қолдап,шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізді. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады.


Осы өткізілген ғылыми-танымдық шаралар, яғни мәдениетаралық коммуникация шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.


Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну - нақты жаңғыру деп санаймыз және еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдіміз.




Ихсангалиева Г.Қ.,филол. ғыл. докторы

Саденова А.Е., филол. ғыл. докторы


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы

 




Көрілген: 2326    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 05.07.2017, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31