Жаңалықтар

Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Бүгін білім және ғылым министрінің қабылдауына жазылған елордалық екі ұстаз Ерлан Сағадиевтен баспана мәселесін шешуге көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Күлшат Яхина мен Сәуле Сайтиева Астанадағы №71 мектеп-лицейде жұмыс істейді. Білім министрінің жеке қабылдауында болған олар Ерлан Кенжетайұлынан баспана мәселесін шешуді өтінді.


"Мен өзім Павлодар облысының Ақсу қаласынан келдім. Астанадағы мектепте 1,5 жыл жұмыс істеп жүрмін. Ақсуда мұғалім болғанда, сіздің атыңыздан мақтау қағазын алдым, кейін елордаға қызметке шақырды. Астанада ұстаздық етіп жүріп, тағы үш мақтау қағазына ие болдым. Мұның бәрін мақтану үшін айтып отырғаным жоқ. Елордада балаларға сабақ берген маған өте қатты ұнайды, мақсатым –қызметімді одан әрі жалғастыру. Бірақ өкінішке қарай, баспана жағы қиындау. Мен қазір жақсы пәтерде тұру үшін ай сайын 100 мың теңгемді беремін. Қараңыз, Алматыда, менің естуімше, ведомство мұғалімдерге арнап үй салып жатыр екен. Неге біздің ведомствода мұндай жоқ?", — деп сұрады мұғалімдердің бірі.


Ерлан Сағадиев баспана мәселесін Астана әкімі Әсет Исекешевпен талқылауға уәде етті.


"Бұл мәселені Әсет Өрентайұлымен көтерейін. Өйткені қазір ол президенттің бес бастамасы бойынша студенттерді қонақ үйлерге орналастыру жағын қарастырып жатыр. Мүмкін әкім хостельдерге мұғалімдерді орналастыру үшін ақша төлейтін болар. Біз бұл мәселені көтеруге дайынбыз. Бірақ сіз ведомство дегенде нақты қандай ведомство екенін түсінуіңіз керек. Білім және ғылым министрлігі оқу бағдарламаларына, оқулықтарға жауап береді. Бізде бүгінде екі қаладан санағанда 18 өңірде 7 мың мектеп бар. Әр өңірмен жеке-жеке жұмыс істеу қиын", — деді Сағадиев.


Министр ведомство тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, министрлік елордада педагогикалық университет ашуды жоспарлап отыр.


"Астана үлкен қала, сондықтан педагогикалық университет маңызды. Онда болашақ мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, барлық тілде сабақ беретін ұстаздар даярланады. Мүмкін осындай жоғары оқу орнын ашатын шығармыз. Дәл осы университетте студенттерге, педагогтарға, магистранттарға баспана қарастырылған", — деді Сағадиев.


Министр биыл Астанада бірден 11 мектеп салынатынын атап өтті. Тиісінше мұғалімдерге де қажеттілік өседі.


"Астана жылдан-жылға дамып жатыр. Бізге жыл сайын 10-12 мың бала келеді. Мұғалімдер қажет, биылдың өзінде тек қана 11 жаңа мектеп салынбақ. Мұғалімдер Астанаға шет-шеттен келіп жатыр. Олардың жағдайын ойлап, көмектесуіміз қажет. Әсіресе, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында мұғалімдер баспана қиыншылығын көріп жүр", —деді ведомство басшысы қоғамдық қабылдаудан кейін.


 


 


 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.04.2018, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30