Жаңалықтар

Білім министрі оқулық дауын шешу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді

  • © astanatimes.com

    © astanatimes.com

Еліміздің бас ұстазы тағы да басты назарда. Бұл жолы Ерлан Сағадиев Ішкі істер министрлігіне арызданған. Оған себеп - оқулық мазмұнына қатысты жалған ақпарлар. Астанада бұл туралы ғана сөз болған жоқ. Парламенттік тыңдауда орта білімдегі мәселелер кеңінен талқыға түсті.


Депутаттар, өңірден келген мұғалімдер, қысқасы орта білімге алаңдаушылық білдергендер Сенат ғимаратына жиын басталардан бұрын жиналды. Шақырылғандар назарына алдымен отандық білім саласындағы жеткен жетістіктер көрсетілді. Жоғары палата төрағасы қазақстандық мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарын арнайы тамашалаған болатын. Көңілінен шыққан да секілді.


Парламенттік тыңдаудың күн тәртібінде - жалпы орта білімнің жағдайы, проблемалары мен келешегі. Жиын басталысымен Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім жүйесін сынға алды. Яғни, кемшіл тұстарын көрсетті.


«Мектептерде білім алу, әлі де болса нәтижеге тәуелді. Нағыз білім екінші кезекте қалып отыр. Негізгі екпін Ұлттық бірыңғай тестіні сәтті аяқтауға бөлінетіні жасырын емес. Әсіресе, бітіруші сыныптарда», - деді Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.


Сенат төрағасы оқулық мәселесіне де тоқталды. Авторлардың жіберген қателіктері сараптаманың жоқтығымен байланысты екен.


«Қоғам мен ата- аналардың арасында туындаған сұрақтар әділетті. Орыс тіліне қатысты соңғы дау қоғам арасында қызу талқыға түсті. Әрине, біз бұл саланың маманы емеспіз. Барлығын сараптама көрсетеді», - деді Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.


Оқулыққа қатысты мәселелерді білім министрі де көтерді. Ерлан Сағадиев Ішкі істер министрлігіне арызданғанын жеткізді. Жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендерді табуды сұрап отыр. Ведомостваның айтуынша, әлеуметтік желілерде бүгінге дейін оқулықтардағы қателіктер жариялануда екен-мыс. Министр солардың біріне тоқталды. Суреттегі бұғы қаз деп көрсетіліпті. Осындай жалған ақпараттың арасында, тіпті қазақстандық мектептерде «сексуалды тәрбие беру» пәні енгізілгені туралы айтылған.


«Біз мұндай ақпараттарға назар аудармауға тырысамыз. Бірақ бұл жолы ведомостваның заң департаменті бұған ұйымдасқан жұмыс деген баға беріп отыр. Ішкі істер министрлігімен ақылдасып, қылмыстық іс қозғауды немесе деректерді келтіру үшін арыздандық. Олар біз ойлағаннан әлдеқайда көп. Сондықтан, кінәлілер табылады деген ойдамыз», - деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.


Бұдан бөлек Білім министрі елімізде білім саласындағы енгізіліп жатқан үлкен реформаға байланысты өзінің пікірін білдірді. Оның көзқарасы «қалауын тапса, қар жанадыға» саяды. Мысал ретінде бес күндік оқуға тоқталды. Еліміздегі мектептердің 85 пайызы қазір бес күндік оқумен білім алуда.


Бес күндік оқыту бойынша Павлодар облысы алдыңғы қатарға шығыпты. Облыстағы барлық сыныптар 100 пайыз аптасына бес күн оқиды. Бұл жүйеге жақында бүкіл Қазақстандағы оқу ордалары өтетін күн де аз емес. Айтпақшы, Сенат қабырғасында журналистер Ерлан Сағадиевке Ресейдің әнұраны жазылған дәптерлердің сатылуына байланысты сұрады. Белгілі болғандай, ақпар шыққан бойда оны сатылымнан алып тастапты.


almaty.tv




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.09.2017, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31