Жаңалықтар

Білім министрлігі ата-аналар комитетінің жұмысын тоқтатуға қарсы шықты

  • ©ktk.kz

    ©ktk.kz

Ата-аналар комитетін алып тастамайтын болды. Білім министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ұсынысын қабылдамай тастады. Мұндай ұйымдар ешқандай заңда немесе нормативтік актілерде көрсетілмеген. Бірақ министрлік соған қарамастан ата-аналар комитетінің қызметін тоқтатпаймыз деп отыр. Өйткені, ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен мектептегі тәрбиесін бақылап отыру үшін өте қажет дейді.


Ата-аналардың мектепте ақша жинау дерегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің нысанына айналған. Сол үшін Астанада арнайылап сауалнама жүргізіп, әрбір ата-ананың он мың теңгеге дейін ақша жинап отыратынын анықтапты. Заңға қайшы әрекетті жою үшін Білім және ғылым министрлігіне ұсыныспен шыққан.


Жазира Жылқышиева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:


-Ата-аналар комитеті деген былайша қарасаңыз, ақша жинау үшін құрылған ұйым сияқты. Негізі заңда, ешбір ережеде ондай мәселе жоқ. Сондықтан, ата-аналар комитеті болмау керек деген ұсыныс бердік.


Бұл ұсынысты ата-аналардың өздері де қолдайды. Өйткені, осы күні әрбір мектепте қамқоршылар кеңесі деген бар. Ата-аналар комитетінің бүкіл қызметін солар-ақ атқарып отыр. Тіпті, мектепке директор тағайындау үшін де кандидат алдымен қамқоршылар кеңесінің келісімін алу керек. Ал ата-аналар комитетінің бар артықшылығы ақша-жинау ғана дейді.


Әселім Әбілдинова, №64 мектеп-лицейінің қамқоршылар кеңесінің төрайымы:


-Шынымен де ата-аналар комитетінің функциясы не? Сол мереке күндері ақша жинау немесе бірдеңе ұйымдастыру, балаларды бір жерге апару. Меніңше, ол комитеттің ешқандай қажеттілігі жоқ. Өйткені, қазір әрбір мектепте қамқоршылар кеңесі жұмыс істеп жатыр. Ал ол кеңес ата-аналардан құрылған. Асханасын да, бәрін қадағалайды.


Ақша жинаудың заңсыз екенін министрліктегілер жақсы біледі. Бірақ, агенттік пен ата-аналар екіжақтап айтып жатқан ұсынысты бәрібір қабылдамай отыр.


Назира Әбдірахманова, ҚР БҒМ тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының басшысы:


-Қандай да бір ақша жинауға тыйым салынған. Білім туралы заңда солай жазылған. Мектептер қаржылай толық қамтылған. Ал ақша жинау, мүмкін ол ата-аналардың өз ниеті шығар.


Дегенмен, жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жүргізген сауалнамада әрбір 100 адамның 80-і ортақ қазынаға, яғни, сыныптың керек-жарағына ақша беретінін мойындапты. Министрлік ата-аналар комитетінің қызметін тоқтатпаймыз дегенмен, ақша жинау мәселесін қалай ауыздықтайтындарын айта алмады.


 ktk.kz




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31