Жаңалықтар

Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді

  • Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді

    Білім министрлігі атышулы орыс тілі оқулығының кем-кетігін түзетуге уәде берді

Білім және ғылым министрлігі мәлімдегендей, Зинаида Сәбитованың орыс тілі оқулығында жіберілген қателіктер жөнделеді

Зинаида Сәбитованың орыс тілі оқулығының, бұрын айтылған сындар ескеріле отырып, кем-кетігі жөнделеді, деп хабарлады ҚР БҒМ мектеп алды және орта білім департаментінің директоры Шолпан Кәрінова.


Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?

"Орыс тілі оқулығында коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған, яғни лексикалық тақырыптар арқылы грамматиканы үйретеді. Ұстаздар, оқу бағдарламасын жасаушылар және оқулық авторлары ақылдаса отырып, оқу бағдарламасына өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады, сөйтіп, лексикалық материалдармен қатар грамматикалық тапсырмалар да қосылады. Сол себепті биыл сараптамадан өтетін оқулықтар грамматикалық және лексикалық ұстаныммен шығарылатын болады. Ұстаздар қауымының ұсынысына байланысты барлық мәселелер ескерілді. Зинаида Сәбитованың 5-7 сыныптарға арналған оқулықтары да биыл түзетіледі", — деді Кәрінова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Жалпы айтқанда, оның мәліметінше, оқулықтарды жазу ұстанымы түбегейлі өзгермейді, өйткені дәстүрлі жүйе ұзақ жылдар бойы қалыптасқан, ал қазір білім беру жүйесі кітап мазмұнын біртіндеп жаңартып жатыр.


Естеріңізге сала кетсек, оқу жылы басталғалы бері оқулықтарға қатысты бірнеше мәрте шу шықты. Ата-аналардың үлкен наразылығын тудырған Зинаида Сәбитованың жетінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығы болды.  




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 09:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30