Жаңалықтар

Білім саласының жаңа көкжиегі

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын кеңінен талқылау мақсатында «Білім саласының жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Дөңгелек үстелге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұстаздары, профессор-оқытушылары, шетелдік студенттері қатысты.


Кафедра ұжымындағы профессор-оқытушылар құрамы Президент жолдауындағы барлық бөлімдерге, соның ішінде білім туралы бағытқа кең тоқталып, жаңа білім сапасы туралы айтып өтті.


Кафедраның аға оқытушысы Т.В. Курманова еліміздегі студент жастарды қолдау бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар мен бағдарламалар турасында айтып өтті. Филология ғылымдарының докторы Ұ.Е. Мұсабекова жолдаудағы индустрияландыру жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі бөлімдеріне кеңірек тоқталып баяндап берді.


Дөңгелек үстел барысында Елбасы жолдауындағы басым бағыттар және жастарға жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жайында кафедрада қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттермен ашық сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында сөзге шыққан тарих ғылымының магистрі Азнабакиева Мария жолдау жайлы түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайында және де Елбасының жастарға артып отырған үлкен үмітін жеткізді. Шетелдік студенттер түрліше сұрақтар қойып, жолдауға қызығушылықтарын білдірді.


Сонымен қатар Елбасы жолдауын Оңтүстік Кореядан келіп, қазақ тілін оқып жүрген студент Чой Ынха: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның жаңа заманға сай өрлеу бағытын дамытуда маңызды болып табылады. Бұл жолдаудың орындалысы Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастырады деп үміттенемін. Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі және басқа да бастамалардың әсерінен батыс елдері Қазақстанға басқа қырынан қарай бастайтыны сөзсіз. Қазақстан басшысының биылғы Жолдауымен танысып шыққан соң, Жаңғырту міндеттері бүгінгі күннің талаптарына сай деп ойлаймын», - деп қолдайтынын білдірді.



Елбасы жолдауының басым бағыттары туралы сөз қозғай отырып, Америкадан келген студент Хайкуп Энтони Рассел: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында айтылған ІТ-білім жастарда өмір үшін маңызды жаңа дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырады. Білім беру жүйесінде ІТ-саланың қарқынды дамуы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының айырмашылығын азайтуға септігін тигізері айқын. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында аталған бағыттарды қолдайтыным туралы мәлімдеймін!», - деп өз ойымен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессор-оқытушылары және шетелдік студенттер құрамы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын толық қолдайтындарын білдіріп, Елбасының халыққа жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан мемлекеті үлкен табыстарға қол жеткізеді деп қорытындылады.


 




ҚҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы

білім беру дайындығы кафедрасы

фғд. А.Е. Саденова


 




Көрілген: 3245    Пікірлер: 28

бейсенбі, 25.01.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31