Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасымен оқытатын шетелдік ЖОО-лар тізімі өзгерді

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Бүгін «Казахстанская правда» газетінде «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, «2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.


«2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», - делінген бұйрықта.


Тізімнің толық нұсқасын adilet.zan.kz сайтынан қарауға болады.


Еске сала кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты - еліміз экономикасының басым бағыттары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен компанияларында академиялық оқу (магистратура, докторантура) және ғылыми-өндірістік тағылымдамаларды қамтиды.


 




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31