Жаңалықтар

Діни сауаттылық – тұрақты мемлекет негізі

  • Діни сауаттылық – тұрақты мемлекет негізі

    Діни сауаттылық – тұрақты мемлекет негізі

Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру барысында қала аумағындағы діни экстремизм мен теорроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, орта мектептің мұғалімдеріне «Зайырлылық және дін негіздері» атты тақырыпта күрделі 5 діни сауатттылықты көтеру курстары өткізілуде.

Діни сауаттылықты көтеру курстары қазіргі заманғы практикалық талап-әдістерінің негізнде жан-жақты қамтылды. Сонымен қатар, тындаушылардың сұраныстарын ескере отырып, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығында» әзірленген бірегей бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Аталмыш курстары теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Теориялық бөлімінде дәрістер аудио және бейне фильмдер арқылы оқыту қарастырылады. Ал практикалық бөлімі семинарлар мен экскурсияларды қамтитын болады. Сонымен бірге діни сауаттылықты көтеру курстарын интерактивті әдістермен мультимедиалық құралдарды (аудио,бейне слайдтар) пайдалану арқылы жүргізу жоспарланған.

Оқытушылар құрамына теологтар, исламтанушылар, философтар, психологтар, заңгерлер, мәдениеттанушылар, тарихшылар және өзге де салалардың жетік мамандары тартылған.

Курстарға қатысатын тыңдаушыларға үлестірмелі ақпараттық материалдар жиынтығы мен тиісті сертификаттар ұсынылатын болады. Аталған шараларды тиісті деңгейде жүзеге асыру қала тұрғындарының сауаттылығын ашумен қатар, Қазақстан Республикасы зайырлылығының сақталуы мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ел арасында таралмауына мол септігін тигізбек.

Діни сауатттылықты көтеру курсы 2018 жалдың 16 сәуірдің басталды және мемлекеттік тапсырыс бойынша діни сауаттылықты көтеру курсы ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Белгілі болғандай қазіргі уақытта дін мәселесі қоғамда ушығып тұрғандығы бәрімізге мәлім. Сол себепті өскелең ұрпаққа діндер тарихын, мәдениетін, адам өмірінде алатын орнын білдіру, сонымен қатар дәстүрлі-рухани, өнегелік саладағы діннің рөлі туралы обьективті ғылыми білім беру қажет. Осы мақсатта Қазақстан аумағында 2009 жылы «Дінтану негіздері» дәрісі бойынша орта білім беретін мектептердің 9-шы сыныптарына арналған бағдарлама бекітіліп, 2010 жылдан бастап «Дінтану» пәні оқытыла басталған болатын. «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқыту арқылы білім жүйесін гуманитаризациялауға, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне, орта мектеп мұғалімдерінің діни біліктілігін арттыру мақсатында бұл жоба мемлектіміз тарапынан қолға алынды.

Бір елдің келешек ұрпағын жетілдіруде мұғалімдердің алатын орны ерекше. Сол себепті келешек ұрпақтың адами құндылықтарын, парасаттылығын толықтыруда ұстаздардың рөлі үлкен. Осыған орай өткізілу барысындағы жобада мұғалімдерге діндер тарихын терең меңгеруіне, дінге қатысты ар-ождан бостандығына өз құқығын табысты жүзе асыруға, нейтралдық ұстаным тұрғысынан дін туралы объективті білімді қалыптастыруға, Қазақстандағы және әлемдегі тиым салынған діни ұйымдар туралы толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы жоспарымызда толеранттылық көпірі Мұсылмандық, Христиандық және Иудейлік діни құлшылық орындарына экскурсия жасалынады.


Нұрболат Айекешов


 


 




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31