Жаңалықтар

Елбасы – елдің тірегі

  • http://alashainasy.kz/

    http://alashainasy.kz/

Биылғы жылы еліміз үшін маңызды оқиға – Республика көлемінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтілді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты шетелдік студенттерге арналған ашық тәрбиелік іс-шарасы өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.


Жиында сөз алған кафедра оқытушысы А. Ахмедова 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланғанын, бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы екенін, шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздерінің қабылданып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болып, бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі екені туралы мәлімдеме жасай отырып, бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы екенін мақтанышпен сөз етті.



Шараны оқытушылар Г.С. Қойшыбаева, А.С. Қазмағанбетова, А.Е. Саденовалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні туралы әдеби монтажы жалғастырды.


Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымында, Астаналық саммитте салтанатты төрағалық етуі, Ислам Конференциясы Ұйымында, Шанхай ынтымақтастық ұйымында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одағына төрағалық етуі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың даналық және тиімді экономикалық саясатының нәтижесі екені туралы айтып, баяндамаларымен таныстырды.


Студенттер 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді. Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.


«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты ашық тәрбиелік іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.




Саденова А.Е., Курманова Т.В., Азнабакиева М.А.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары


 




Көрілген: 216    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 14:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31