Жаңалықтар

Елбасы Жолдауы талқыланды

  • http://alashainasy.kz/

    http://alashainasy.kz/

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының отырысы өтті.


Кафедра ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын жылы қабылдап, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды.


Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер қызу талқыланды.


Алдымен кафедра меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева бұл жолғы жолдауда да, өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл стратегиялық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.


Одан кейін Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау бағытында аға оқытушы Т.В. Курманова баяндама жасады. Ол биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқтала отырып, Жолдауда әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолындағы міндеттер жүктелгені, еңбек адамының мүддесі қорғалып, жұмысшылардың тұрмыс деңгейін жақсарту негізге алынғаны, ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысының өсуі жөнінде атай отырып, осы жолдаудағы міндеттерді орындау ҚР-ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді.


Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ, оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Елбасы Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті.

Шара соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, Елбасының Жолдауында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Елбасы Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін жеткізді. Кафедра ұжымы Президентіміздің Жолдауына қолдау білдіріп, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатынын жеткізді.


А.Е. Саденова, Т.В. Курманова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары


 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31