Жаңалықтар

Елімізде мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді

  • © 24.kz

    © 24.kz

Орталық Коммуникациялар алаңында айтылғандай мұғалімдерді аттестациялау ережелері өзгереді. Жаңа талап бойынша біліктілікті тексеру екі кезең бойынша жүргізіледі.


Соңғы кезеңде педагог қызметіне сараптама жасалады. Тапсырмаларды орындауға 200 минут бөлініп отыр. Ал математика, физика, химия мен информатика мұғалімдері үшін қосымша жарты сағат тағы беріледі. Қажет болса аппеляцияға жүгінуге болады.


Категория артқан сайын айлықтың 30-50 пайызына тең үстемақы беріледі. Тестілеу нәтижесі бір жылға жарамды. Ұлттық біліктілік сынағы 26 мамыр мен 5 маусым, сондай-ақ 1-10 қараша аралығында өтеді. Өтініш білдіргендер саны 60 мыңнан асады.


Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:


- Ол өз еркімен өтеді. Мұғалімдер кімде-кім осы үстеме ақы алғысы келсе, 30-50 пайызға дейін біздің азаматтар өтініштерін беріп, үстеме ақы алу үшін ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес, бұл көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Өйткені бұл қазіргідей, 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, жалақының 30, 35, 40 және 50 пайызы.


24.kz


 




Көрілген: 1897    Пікірлер: 0

сенбі, 28.04.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30