Жаңалықтар

Елімізде ҰБТ-дан әлі ешкім ең жоғары нәтижеге қол жеткізбеді

  • Елімізде ҰБТ-дан әлі ешкім ең жоғары нәтижеге қол жеткізбеді

    Елімізде ҰБТ-дан әлі ешкім ең жоғары нәтижеге қол жеткізбеді

Елімізде 59 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырып үлгерді. Үш күннің қорытындысы бойынша ең жоғары балл - 139, республика бойынша ортала деңгейі - 83 балл, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


"Үш күннің ішінде ҰБТ тапсыруға 61 098 өтінім тіркелді, оның ігінде 58 967-сі тапсырды, бұл 96,5 пайызы. ҰБТ тапсыру дерегі өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 95 пайыз еді. Шектік деңгейден 50 468 адам немесе 85,6 пайызы өтті. Өткен жылмен салыстырғанд 1,5 пайызға өсім байқалып отыр, өткен жылы 84 пайыз еді", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ОКҚ брифингінде. Оның айтуынша, шектік деңгейден 8 499 қатысушы немесе 14,4 пайызы өте алмаған. "Республика бойынша орташа балл - 83. Өткен жылы орташа балл 80 еді, деңгей нақты үш пайызға өсті. Максималдық балл - 139. Өкінішке қарай, әлі ешкім 140 балла жинаған жоқ. Жоғары балл алатын түлек табылады деп сенемін. 130-139 балл алғандардың саны еліміз бойынша - 704", - деп атап өтті ол. Әлімқұловтың айтуынша, биыл тұңғыш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады. Бұл тілде тапсырғандардың саны 46 болған. Қазіргі уақытта жеті түлек тапсырған, оның үшеуі Астанада, біреуі Алматыда, тағы біреуі Қостанайда. Орташа балл 83. "Нәтижесі жойылғандардың саны үшеуге жетті, өткен жылы осы уақытта 10 адамның нәтижесі жойылған еді", - деді ол. Айта кетейік, ҰБТ елімізде осымен 15-ші рет өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап тестілеу форматы өзгергенін айта кетейік. Енді сынақ жоғары оқу орындарына түсуге емтихан әрі білім беру гранттарын алу механизмі ретінде қарастырылады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл тестілеудің форматында сол күйінде қалады, тек тапсырушыларға қолайлы болуы үшін аздаған өзгеріс енгізілген. Айта кетейік, биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. "ҰБТ-ның биылғы өту тәртібі мен құрылымы өткен жылмен салыстырғанда, әзірге түбегейлі өзгеріске ұшыраған жоқ. Жуық арада Білім және ғылым министрлігі аса қатты өзгеріс енгізбейді деп үміттенеміз. Олай болмаған жағдайда, оқушылар мен ата-аналарды стресс жағдайына түсіруі мүмкін", - деген еді министр. Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

сенбі, 23.06.2018, 17:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31