Жаңалықтар

Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

  • © Sputnik / Алексей Мальгавко

    © Sputnik / Алексей Мальгавко

2019 жылдан бастап еліміздегі, мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының оныншы, он бірінші сынып оқушылары "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" атты пәнді оқымақ, деп хабарлайды 24.kz.


Тіпті бұл сабақ кейбір білім ошақтарында қазірдің өзінде өтіп жатыр. 2019 жылдан бастап, "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқыту жоспарланған. Оған жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ. Аталған пән оқушыларға не береді? Оның пайдалы тұсы қандай? Бұл сұраққа мұғалім жауап береді.

"Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент, маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік пәндері терең оқытылады. Қоғамды зерттейтін болсақ, қоғамның тек 5 пайызы ғана кәсіпкерлік қабілеті бар азаматтар. Ал қалған азаматтарға кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек", — деп атап өтті мұғалім, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Кәрімова.


Сондықтан негізгі мақсат – жастарды қаршадайынан бизнеске баулып, оларға кәсіпкерлік, экономика негіздері туралы базалық білім беру. "Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері" пәні қаладағы нөмірі бірінші мектеп-лицейінде биылдан бастап пилоттық жоба ретінде оқытылып келеді. Оқулық жаңа мазмұнда дайындалған. Мұғалімдер тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды бизнес жоспар құруға да үйретеді.


"Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" оқулығы біздің мектепте тексеруден өткізілді. Осы кітап бізге өте ұнады. Өйткені мұнда көптеген мәліметтер бар. Және ол жоғары деңгейде дайындалған. Осы оқулық өте қажетті. Өйткені болашақта экономика саласымен жұмыс істеу үшін ол оқушыларға өте күшті және қажетті негізді береді", — дейді Әзиза Сұлтанова.


Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспары бар.


"Бұл пәнді өткізетін мұғалімдеріміз болады. Ол мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Сондықтан 2019 жылға дейін бұған мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл өте маңызды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, микрокредиттер беру жайлы айтып жатырмыз. Бірақ оған дайын болып, экономикамыздың дамуына үлес қосатын балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап дайындауымыз қажет", — деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігінің "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған бұл жобасы әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылады. Бірақ баға аттестацияға енеді. Тағы бір жаңалық. Жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу жоспарланып отыр.


Sputnik


 


 




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31