Жаңалықтар

Ғалымдар екі ғасыр бұрын өмір сүрген адамды "тірілтіп алды"

  • Иллюстрациялық сурет © РИА Новости

    Иллюстрациялық сурет © РИА Новости

Зерттеушілердің халықаралық тобы алғаш рет тіндері ДНҚ үлгілерін алуға келмейтіндей жойылған адамның геномын толықтай дерлік қалпына келтірді.


Ғалымдар 1827 жылы қайтыс болған адамның артында қалған ұрпақтарының генетикалық материалын зерттеген екен. Ғалымдардың бұл зерттеуі Nature Genetics журналында жарияланды. ДНҚ Ганс Джонатан (Hans Jonatan) атты қара нәсілді құлға тиесілі болған.


Ол Кариб теңізіндегі Данияның колониясы болған Санта-Крус аралында дүниеге келген. Кейін ол Исландияға қашып барып, ондағы жалғыз қара нәсілді адам болған. Бұл жағдай оның геномын бірегей етіп отыр. Жергілікті халық оған жылы шырай танытып, Джонатан үйлене де алған. Бостандыққа қол жеткізген адам үш баланың әкесі атаныпты.


Ғалымдар Исландияның гениологиялық мәліметтер базасына сараптама жасап, Джонатанның 182 ұрпағы барын анықтаған. Ол адамдардың геномында бабаларының аз да болса жұрнағы қалған екен. Осы арқылы зерттеушілер бұрын құл болған адам геномының үлкен бөлігін қалпына келтірген және ата тегін анықтай да алған.


Зерттеушілердің пайымынша, оның анасы афроамерикалық, ал әкесі еуропалық нәсілден болған екен.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.01.2018, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31