Жаңалықтар

Ғалымдар мысықтарға қарағанда иттердің ақылдырақ екенін анықтады

  • Ғалымдар мысықтарға қарағанда иттердің ақылдырақ екенін анықтады

    Ғалымдар мысықтарға қарағанда иттердің ақылдырақ екенін анықтады

 АҚШ-тағы Вандербильт университетінің ғалымдары мысықтар мен иттердің ми қыртысындағы нейрон санын есептеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Science Alert басылымына сілтеме жасап.

Зерттеушілер тобы көп уақыттан бері аю, арыстан, жанат, мангуст және қорқау сынды аңдардың ми қыртысындағы нейрон санын зерттеген. Осы зерттеу нәтижесінде ит миының қыртысында 530 миллион нейрон, ал мысықтың миында 250 миллион нейрон бары анықталған. Ғалымдардың айтуынша, осы нейрон саны аңдардың бұрынғы тәжірибеге сүйеніп әрекет етулеріне тікелей әсер етеді.


Салыстырмалы түрде алсақ, адам миының қыртысында 16 миллиард нейрон болады. Нейробиолог Сюзанна Геркулано-Хоузельдің айтуынша, зерттеу нәтижесі иттердің қиын тапсырмаларды орындай алатынын анықтаған. Мұнымен қатар, ол мұның мысықтардың ақымақ екенін білдірмейтінін айтып өтті. Бар болғаны, иттерге қарағанда, мысықтарға «жаттанды қимыл-қозғалыс түрін» үйрету қиын.


Басылымның хабарлауынша, жыл басында жапониялық ғалымдар мысықтардың бұрынғы тәжірибелеріне сүйене отырып шешім қабылдайтынын анықтаған.


Baq.kz




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.11.2017, 22:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30