Жаңалықтар

Халықаралық ұйым қазақ ғалымдарының абыройын айрандай төкті

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Ғылыми жұмыстардың халықаралық базасы қазақстандық зерттеушілердің жалған жарияланымдарын жоққа шығарды. Әлемге әйгілі Scopus компаниясы ғылыми құны жоқ журналдардың күшін жойды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.


Scopus ғылыми жұмыстар халықаралық базасының "қара тізіміне" барлығы 424 басылым енген. Оның ішінде ең көп жалған жұмыстар жариялаған Man in India журналы екен.


Басылымда қазақстандық зертетушілердің 116 жұмысы бар. Мақала жазғандар арасында жас зерттеушілер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми орталық басшылары да болған.


Кей мәліметтерге сүйенсек, авторлар әр жарияланымы үшін мың доллардан төлеп отырған.


Қалай болғанда да жалған журналда мақала шығарған адамдар оны енді пайдасына жаратып үлгерді. Бірі диссертациясын қорғаса, енді бірі грантын ұтып алды. Алайда олардың жетістіктері күшін жоймайтын болды.


"Қара тізім" бір апта бұрын жарияланса да, Білім және ғылым министрі ол туралы естімеген екен. Ерлан Сағадиев аталған ақпараттан бейхабар екенін айтып, мәселенің мән-жайын анықтайтынын жеткізді. 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31