Жаңалықтар

Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы – министр

  • © Sputnik / Саид Царнаев

    © Sputnik / Саид Царнаев

Қыздары орамал тағып, хиджаб киетін ата-аналар демеуші тауып, жеке мектеп аша алады. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бізде медреселер бар, медресе деген арнайы діни білім беру мекемесі. Бірақ қалған білім беру жүйесі діннен бөлінген. Ол барлық заңдарда жазылған нәрсе. Бірақ қазіргі таңда заң ұлдар мен қыздар бөлек оқитын жекеменшік орта білім мекемесін ашуға мүмкіндік береді. Әзірге бұл мәселе зерттеліп жатыр. Біздің азаматтар бұған қаншалықты дайын, осыны анықтап алуымыз керек. Алайда бұл мектептер білім және ғылым министрлігінің сертификатын алған, діннен бөлінген мектептер болады. Сәйкесінше мұндай бөлек мектептерде қыздар орамалсыз жүре алады. Егер мүлде орамал тақпай, хиджабсыз жүре алмаса, онда ата-аналар бірігіп, демеуші тауып, жеке мектеп аша алады, бұған құқықтары бар", — деді Ермекбаев үкімет отырысынан кейін.


Осы орайда министр Ақтөбеде мектеп маңында намаз оқыған әйелдердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


"Кез келген жерде намаз оқу Құранның да, шариғаттың да талаптарына сәйкес келмейді. Заңда діни рәсімдер, құлшылық ету арнайы орындарда жасалу керектігі айқын көрсетілген. Жалпы нормативтік-құқықтық актіні бұзғаны үшін жауапты тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бірақ Ақтөбедегі 3-4 әйелдің жазаланатын-жазаланбайтынын айту қиын. Бірақ олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, менің ойымша, көшеде намаз оқу бұл дұрыс емес", — деді министр.


 


 




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.01.2018, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31