Жаңалықтар

ХҚТУ-да волейболдан IX жазғы универсиада басталды

  • ХҚТУ-да волейболдан IX жазғы универсиада басталды

    ХҚТУ-да волейболдан IX жазғы универсиада басталды

Бүгін, 27 қыркүйек күні Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен волейбол (ерлер) спорт түрінен ЖОО арасындағы IX жазғы универсиаданың ашылу салтанаты өтті.

Универсиаданың басты мақсаты – спорт жүйесін дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеп, әлемдік универсиада мен олимпиадалық ойындарда өнер көрсететін талантты спортшыларды іріктеу және дайындау.

Спорт бәсекесінің ашылуында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры С.Мұстафаев, Ахмет Ясауи университетінің вице-президенттері, профессор М.Эрен, профессор Н.Ажиханов сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Универсиадада С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының командалары ойын көрсетеді.

ХҚТУ Спорт клубы, Б.Саттарханов атындағы спорт залында өтетін жарыста жалпы 100-ге жуық жас спортшылар 5 турдық сайыста бақ сынайды. Жарыстың бас төрешісі – ҚР Жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші М.Божбанбаев, ұлттық дәрежедегі төреші А.Даутов, ұлттық дәрежедегі төреші Н.Төлбасиев ойын деңгейін саралайды.

26.09 - 03.10.2017ж. аралығында 10 ЖОО-да өтетін ірі кешендік спорттық шарада спорттың 31 түрі қамтылған. Атап айтсақ, бадминтон, баскетбол, еркін күрес, грек-рим күресі, бильярд спорты, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, каратэ-до, қазақ күресі, кикбоксинг, жеңіл атлектика, жүзу, жағажай волейболы, президенттік көпсайыс, жағажай футболы, армрестлинг, ауыр атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол, семсерлесі, шахмат, регби, самбо, садақ ату, спорттық бағдарлау, оқ ату, таэквандо, теннис спорт ойындары.


 


ХҚТУ Баспасөз хатшысы А.Сәдібеков

 




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.09.2017, 16:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31