Жаңалықтар

Жәкулә Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада мәресіне жетті

  • Жәкулә Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада мәресіне жетті

    Жәкулә Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада мәресіне жетті

Таяуда Өскемен қаласында қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі Жакулә Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада өтті. Бірнеше жылдан бері Шығыс Қазақстан жерінде өткізіліп келе жатқан білім сайысы биыл облыстық дәрежеге ие болды. Келешек ұрпаққа керек мұндай шараны биыл Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Өскемендегі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Олимпиада 11-13 сәуір аралығында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өтті.


Жәкула Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінің I облыстық олимпиадасына 200 оқушы қатысты. Қатысушылардың барлығы бұған дейін аудандық, қалалық жарыстарда үздік нәтижеге ие болғандар.



Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – химия-биология, медицина бағытында балалардың білімін тереңдетіп, өскелең ұрпақтың осы салаға деген қызығушылығын арттыру. Хакім Абай он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылдық...» деген еді. Қазіргі заманда еліміз үшін білімімен озатын жастардың көп болуы аса маңызды болып отыр.



Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры: – Біздің мақсатымыз қабілетті де, дарынды оқушыларды анықтап, олардың ізденуіне қолдау көрсету, химия және биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, қалаған мамандықтарын таңдап, келешекті өркендетуге бар күштерін салатын маман болып шығатын оқушыларды іріктеу, зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт–бағдарын қолдау. Егер осы жарыстан бір оқушы өзінің болашағына қажетін алып, болашақта жетістіктерге жетіп жатса, біздің еңбегіміздің ақталған.



Естеріңізге сала кетейік, Жәкулә Күшікұлы атындағы олимпиада ең алғаш рет 2012 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы «Би Боранбай атындағы орта мектебінде» жоғары сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған еді. Сол кезде белгілі кәсіпкер, ұлт жанашыры, білімді азамат Асқар Жакулин осы жарысты өзінің атасы Жәкулә Күшікұлының құрметіне орай өткізген еді. Кейін Асқар мырза өмірден озғаннан кейін оның осы ісін Асқар Жакулин атындағы қор қолға алып, олимпиаданы жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырды. Өткен жылы Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта-мектепте өткен еді. Міне, биыл олимпиада облыстық олимпиада дәрежесіне көтерілді.



Жарыста «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан білімді балаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. 1-орын 18 ноутбук Asus X541N , 2-орын 24 Xiomi


Redmi, 3-орын 48 Huawei Y3 және 9 Huawei Y3 телефоны. Тарбағатай ауданына 9 номинация берілді, қатысқан оқушылардың бәріне фондтың логотипімен кепка сыйға тартылды.



Облыс орталығында өткен олимпиада білім сайысы ғана емес, қатысушылар асыға күтетін тағылымы мол үлкен шара. Бұл жарыстың ойдағыдай өтуіне Асқар Жакулин атындағы қордың мүшелері, басқа да құрметті азаматтар атсалысты. Биылғы жарыстан кейін Қазақстанның мәдениет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Алмас Ахметбекұлы жергілікті оқушылармен кездесіп, оқушыларға Жәкула Күшікұлы, Асқар Жакулин туралы әңгімелеп берді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Әр мектепке кітаптар сыйға тартты.



Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының процессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» директоры Нәбижан Мұқаметханұлы, қытай қазақ тілдерінен аудармашы Әрмиябек Сағындықұлы да Шығыс Қазақстан жерінде өткен олимпиадаға қонақ ретінде қатысты.



Марқұм Асқар Жакулиннің жары, Ас-Ай компаниясының директоры, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың құрылтайшысы Жайна Жәкулина, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры Сейдолла Гүлнар және басқа да қызметкерлер облыстық олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне күш салды.


Айнұр Нұрсабет 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30