Жаңалықтар

Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады?

  • Көрнекі сурет.  © Sputnik / Алексей Мальгавко

    Көрнекі сурет. © Sputnik / Алексей Мальгавко

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев біліктілігін растай алмаған мұғалімдерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біліктілік сынағынан өтпей қалған мұғалімдерге министрлік қандай шара қолданады? Қазір көбісін осы сұрақ мазалап жүр. Ешқандай шара қолданбаймыз. Жазалау шаралары болмайды. Ережеге сәйкес, егер ұстаздар біліктілік тестін тапсыра алмаса, онда сол санатта қалып, бұрынғы жалақысын ала береді", — деді Сағадиев.


Осы орайда білім министрі ел арасында "кейбір әкімдіктер квота енгізіп, ұстаздарды қорқытып жатыр" деген сыбыс тарағанын айтты.


"Біз барлығынан бұлай істемеуді өтіндік. Мұғалімдерге ұлттық тестке дайындалу үшін уақыт беру керек, олар сынақты қалаған уақытында тапсырғаны дұрыс. Ұстаздарды үрейлендіріп, қорқытуға болмайды. Мамыр айында 60 мыңнан астам мұғалім өз еркімен тест тапсыруға жазылған. Шындығына келсек, біз мұны күтпеп едік. Бұл ұстаздардың сенімділігін, өз пәнін жақсы білетінін, сынақтан қорықпайтынын көрсетеді",- деген ол ұлттық біліктілік тесті 26 мамырда басталатынын атап өтті.


 


 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30