Жаңалықтар

Жаңа жылға қарсаңында мектеп оқушыларынан ақша жинау басталды

  • © sabaqtar.kz

    © sabaqtar.kz

Жаңа жылға қарсы мектеп оқушыларынан тағы да ақша жинау басталды. Ақтөбе қаласында тәлімгерлерден жиналған қорға мұғалімдер өздеріне жаңа жылдық шоу киімдерін тіктіртпекші екен. Ал қалған ақшаға балаларға сыйлық жасамақшы. Оқушылардың арқасында шырша өткізбек болған мектеп басшылығы ата-аналарға жиналған қаржыны қайда, қалай жұмсамақ болғандарын айтып берді.


Жаңа жылдық шыршаға деп оқушылардын ақша жинай бастаған мектеп ұжымына ата-аналар ашулы. Айтуларынша әр баладан жиналған 500 теңгенің 350 теңгесі мұғалдімдер киетін кейіпкерлердің киіміне жұмсалса, ал қалған 150 теңгесіне оқушыларға сыйлық алмақшы екен. Ақша жинауды әдетке айналдырып бара жатқан ұжым тым болмағанда ата-аналардың жағдайына қараса екен дейді наразылық танытқандар.


РАЙГҮЛ ЕСЕНОВА, ата-ана:


— 500 теңгеге не кіреді, сонда?


— Подаркасы келеді деді, сосын қалған зат қалады мектепте. Бүкіл бала емес мектепте қатысатындары бар, жағдайы жоқтар бар мысалға қатыса алмайтын. Мысалға мына нулевкадан көп ата -ана қатыспайды, жағдайымыз жоқ деп айтты дейді.


АЙГҮЛ ІЗТІЛЕУОВА, ата-ана:


— Ақша жинауды азайту керек. Кезінде өзіміз де мектепте оқыдық, шыршаға бардық, дым жинамай, киініп. Қазір қит етсе ақша жинау. Бісіміллә деп мектеп табалдырығын аттайсың, ертеңіне уже ақша айтып келеді. Бермесең балаң соңынан қалады. Балаң ренжиді, жылап кетеді мектепке. Балаңның көңілі үшін бересің.


Ал оқушылардан жиналған ақшаға балалардың өздеріне жаңа жылдық шырша өткізбекші болған мектеп басшылығы болса бұл жағдайды ата - аналардың келісімімен жасап жатырмыз деп ақталады. Айтуларынша биылғы мерекені жылдағыдан өзгеше қылмақ ойда екен. Яғни сырттан келетін ешкім жоқ, мерекелік шоуды мұғалімдердің өздері өткізбекші.


ДӘУРЕН ДІЛМАН, Ақтөбе қаласы №49 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


— Бізде аяз атаның киімі бар. Ақшақардың киімі бар. Тағы да киімдер керек қой енді. Сосын мысалға сөздерін жаздыру керек. Олардың сөздерін жаздыру үшін де әрбір персонажға оған да ақша төлеу керек. Біз жылда 500 теңгеден 700 теңгеден жинатпаймыз. Келесі жылы алған киімдер өзімізде қалады. Шырша безендірулері өзімізде қалады.


Ал қалалық білім бөліміндегілер болса мектептердегі өткізілетін іс шараларға бюджеттен қаражат қарастырылмаған, сондықтан әр мектеп өз күштерімен ұйымдастырулары керек дейді. Ал ата - аналар демеушілік жасаймыз десе оған тосқауыл жоқ екенін айтады.


ГҮЛНАЗ МЫРЗАҒАЛИЕВА, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі:


— Қазіргі таңда әрбір мектептің жұмыстарын қадағалау үшін қамқорлық кеңестері құрылған. Егер де ата - аналардың келісімімен қамқорлық кеңестің шешімімен шешім қабылданатын болса, ата - аналардың демеушілік етуіне мүмкіндіктері бар.


Енді жылдағыдан өзгеше етіп шырша өткіземіз деп оқушылардан ақша сұратқан мектептің мәселесін қалалық білім бөліміндегілер тексермек. 


31.kz




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.12.2017, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30