Жаңалықтар

Желілік қоғамдастық қызметінің маңыздылығы

  • Желілік қоғамдастық қызметінің маңыздылығы

    Желілік қоғамдастық қызметінің маңыздылығы

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курсының идеясын дамытудың бір жолы – педагогтердің желілік қауымдастығы. Білім саласында жаңа білім мен инновациялар алмасу үдерісінде желілік қауымдастық қызметінің маңыздылығын көптеген білім ұйымдары мойындап отыр.


Заман ағымына сай сындарлы оқыту теориясына негізделген заманауи мектепке жаңа талаптар қойылып отыр, атап айтқанда: білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интеграциялау; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық және электрондық оқу құралдарын қолдану; мектепті басқарудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Бүгінгі таңда мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға. Ұстаздардың жаңашыл, кәсіби шебер ұстаз болып қалыптасуына, оқыту мен оқудың нәтижесін жақсартуда бүгінгі таңда желілік қоғамдастық қызметінің берері мол.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мұғалімдер тәжірибесіне терең еніп кетті, күнделікті пайдаланып жүр десек те болады. Уақыт өте келе компьютерлік технология қызметін кәсіби түрде пайдалану қажеттілігі туындауы заңдылық. Мысалы, қандай да бір озат тәжірибені насихаттауда, болмаса оқыту жүйесінде туындап жатқан өзекті мәселелерді талқылауда, педагогикалық идеялармен алмасуда мұғалімдердің командалық іс-әрекеттері нәтижелі көрсеткіштерге жетелейтіні сөзсіз. Осы орайда мұғалімдердің желілік қауымдастықтары аталған қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірден-бір құрал болып табылатыны айқындалып отыр. Желілік қауымдастық деңгейлік бағдарламалардың концептуалдық идеясын тарату және тәжірибе алмасу, қарым-қатынас жасау мақсатымен ұстаздар арасында құрылады. Өзара белсенді қарым-қатынас жасайтын әрі заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен бірлесіп әрекеттесетін педагогтер тобын қауымдастық деп атаймыз. Қауымдастықтың ортақ мақсаты, қызығушылығы, қажеттіліктері және оның барлық мүшесі қолдана алатын ортақ ресурстары болады.


Деңгейлі курсты аяқтап, мектебіне оралған әр ұстаздың мақсаты – бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып,мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Бұл бағытта бірінші ілгері деңгейді бітірген мұғалімдер мектепішілік, аудандық түрлі тақырыптарда коучинг өткізіп, бірнеше мұғалімдерге тәлімгерлік жасап, білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етуде. Өз жұмысы туралы рефлексия жасап, мониторинг жүргізу арқылы жұмыстарын қорытындылап отырады. Яғни, өткізген тақырыптары бойынша әдістер мен тәсілдерді бірнеше мұғалім сабақтарында пайдаланды, ол сабақ туралы оқушының, ата-ананың пікірін де біледі. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді. Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең. Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шыға алады. Мектептегі желілік қоғамдастықты І (ілгері) деңгей мұғалімдері ғана құрып, дамыта алатынын біз күнделікті тәжірибеден көріп жүрміз.


Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану - уақыт талабы. Бүгінгі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айырықша.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. МАН І деңгей


2. Barth, R.S «Мұғалім көшбасшы»


3. Ballantyne, P. , Jackson, D. «Жүйені басқаратын жетекші желілер. Тәжірибе тарату баяндамалары»


4. zkoipk.kz


 Илясова Оразкул Тайыровна


Оңтүстік Қазақстан облысы


Арыс қаласы


«Абай атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ


Математика пәні мұғалімі




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31