Жаңалықтар

Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

4 жыл бойы мамандықты қаржыландырудан бас тартып, бағдарламаны игеру мерзіміне тиісті кредиттік технология бойынша қаржыландыруға көшу ескеріліп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Атап айтқанда, жалпы отырыста палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және бақылау дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


«Заң жобасының мақсаты - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жетпіс сегізінші қадамын орындау. Онда «Назарбаев Университеті» тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кезең-кезең бойынша кеңейту көзделген. Заң жобасында бір кодекске, және 3 заңға өзгерістер енгізу қарастырылған. Жалпы осы өзгерістер ЖОО қызметінің басты үш бағытын реттейді: академиялық, басқару және қаржы қызметі», - деп тоқталды министр.


Осы орайда Е. Сағадиев академиялық және басқару дербестігі бойынша өзгеріс енгізумен қатар, қаржыландыру қызметін де күшейту қажет екенін атап өтті.


«Қаржыландыруды өзгерту бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны дұрыс пайдалануға және материалдық-техникалық, әлеуметтік базамен қамтамасыз етуге жағдай жасауы тиіс. Осыған байланысты, 4 жыл бойы мамандықты қаржыландырудан бас тартып, бағдарламаны игеру мерзіміне тиісті кредиттік технология бойынша қаржыландыруға көшу мәселесі ескерілген. Бұл тұрғыда заң жобасында министрлікке кредиттік оқыту технологиясын ескеріп, ЖОО-ларды қаржыландыру тәртібін бекіту және мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша жаңа құзырет қарастырылған. Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты бекіту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін өзгерді. Осы ұсыныс экономиканың нақты секторын есепке алып, мемлекеттік тапсырысты тиімді бөлуге жағдай жасайды», - деді ведомство басшысы.


Сонымен қатар қаржылық саясатты регламенттеу аясында ЖОО-ларға ақылы түрде оқыту бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылады.


«Аталған өзгеріс азаматтарға, оның ішінде халықтың осал топтарына жататын адамдарға жоғары білім алуға қол жеткізуді кеңейтуге жағдай жасайды. Аталған өзгерістер ЖОО-ларға көптеген еркіндікті және олардың басшыларының әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады», - деді ол.


Бұдан бұрын хабарланғандай, заң жобасын таныстыру барысында Е. Сағадиев мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындарын мемлекет 100 пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік ұйымға өзгерту мәселесі қаралып отырғанын айтқан еді.


Мұнымен қоса, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының академикалық дербестігі 65-тен 85 пайызға дейін кеңейтілетіні мәлім болды.


 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30